Халықаралық қарттар күніне арналған концерт
14 қазан күні Достық үйінде Халықаралық қарттар күніне арналған «Славим годы золотые» концерті өтті.
Ақмола облысының ішкі саясат басқармалары жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» бірлестігі ұйымдастырған іс-шарада «Русская песня» халық ансамблі өз өнерімен көрермендерді қуантты.
Өнерпаз әртістердің орындауында аға буын сүйетін өткен жылдардың ұмытылмас әндері шырқалды. Залдағы мерекелік атмосферадан көрермендердің көздерінен қуаныш пен өткен күндерге деген сағыныш байқалып тұрды.
Ансамбль солистері, мерейлі жас иелеріне Бобырь Зинаида Григорьевна мен Чумакова Нина Николаевнаға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.