«Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ жиналысы

А.ж. 7 қыркүйегінде М. Жұмабаев атындағы облыстық кітапханада «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің жиналысы өтті. Қоғамдық ұйымның жұмысы туралы оның төрағасы М. Қ. Қиықов баяндама жасады.

Аталмыш шарада сөз  сөйлеген «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е. Б. Нұғыманов, бірлестік мүшелері Мейрамбек Қиықұлына оқушы жастар арасында жүргізген жемісті мәдени-ағартушылық қызметі үшін алғыс білдіріп, оның мемлекеттік тілді дамыту және насихаттауға, ұлттық ойындарды танымал етуге қосқан зор үлесін атап өтті.

Сонымен қатар, жиналыс барысында  М.Қ. Қиықов жасына байланысты  өзінің  ұйым басшысы ретіндегі өкілеттігін тоқтататынын хабарлады. Сәйкесінше, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ жаңа төрағасы болып Балуан Шолақ атындағы Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Қойшин Марат Молдашұлы сайланды.