«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы

Алдымыздағы мерекелерге орай, «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы шеңберінде «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері бірігіп, сенбілікке қатысты.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев: – шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет – деді.
Бүгіндері акция барлық қазақстандықтардың қолдауына ие болып, жасампаздықтың, татулықтың, достықтың, мейірімділіктің, адамгершіліктің символына айналғанына көзіміз жетіп отыр.