Балғын балалар – біздің болашағымыз
Достық үйінде Балаларды қорғау күніне арналған «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты мерекелік бағдарлама өтті.
Шара барысында «Әлем бала көзімен» тақырыбында сурет көрмесінен ұйымдастырылған байқауға қаламыздағы көркемсурет студияларының кішкентай суретшілері өздерінің шығармаларын арнайы дайындап әкелді. Байқаудың мақсаты шығармашылық жұмыстар жасау арқылы балалардың қоршаған әлем туралы түсініктерін қалыптастыру, балалардың бойындағы ерекше қабілеттерін анықтау болатын.
Балаларға арналған мереке әнмен, бимен жалғасын тапты, мультфильм кейіпкерлері (аниматорлар) балалармен бірге түрлі ойындар ойнатып, би билетіп көңілдерін көтерді.
Бағдарлама соңында байқауға қатысқан балалар сыйлықтармен мараптталды және осы мерекеге арнайы демеушілік көрсеткен «Тәп-тәтті» ЖШС директоры Нуртазина Айгуль кішкентай бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтарын ұсынды.