Кітап тұсаукесері

А. ж.  8 маусымында М. Жұмабаев атындағы облыстық кітапханада еңбек ардагері, Ақмола облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Қ. Қиықовтың өмірі мен қызметіне арналған «Елім деп соққан егіз жүрек» кітабының тұсаукесері өтті. Кітаптың авторлары журналистер – Б.Баяділов және Д. Ахметжанов. Іс-шараға өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшылары, қала жұртшылығы, ақсақалдың жақын туыстары қатысты.

Тыңдаушыларға «Өнегелі өмір» атты кітап көрмесі, М. Қ. Қиықовтың өмірі, еңбек және қоғамдық қызметі туралы бейнефильм ұсынылды.

Өлкетану библиографиясы секторының жетекшісі А. Т. Тулешова кітаптың мазмұны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сөз сөйлегендер мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы А. Б. Сәбитова, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Б. Нұғыманов, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты С. Н. Жәмбек, ЭМБ  басшылары Г. И. Яндиев, Р. С. Сулькарнаев, Н.М. Нагачевская, журналист Балталы Сәрсенбаев және басқалар Мейрамбек Қиықұлы туралы шығармашыл адам, белсенді қоғам қайраткері, мемлекеттік тіл мен ұлттық ойындарды насихаттаушы ретінде жылы лебіздерін білдірді.

М. Қ. Қиықов  өз сөзінде журналистерге кітап шығарғандары үшін алғысын білдіріп, облыстық, қалалық кітапханаларға және М. Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау Академиясының курсанттарына өз кітабының бірнеше данасын сыйға тартты.