«Бисквит Мастер» аспаздық-кондитерлік үйдің ұжымымен кездесу

Этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың туындауының алдын алу мақсатында «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Ә.Қ. Раев және бас сарапшы С.Т. Өзбекованың Көкшетау қаласы, Абай к., 136А мекенжайы бойынша «Бисквит Мастер» аспаздық-кондитерлік үйдің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға этносаралық қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жеткізілді, ҚР ҚК 174 және 180-баптары бойынша жауапкершілік, этномедиацияның этносаралық қақтығыстарды шешудегі рөлі, сондай-ақ қоғамдық келісім мен азаматтық бірегейлікті нығайту жөніндегі тиісті ақпарат түсіндірілді.