«Этномедиацияның базалық негіздері»

Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында айтылған этномедиация мәселелері бойынша пайдалы тәжірибені масштабтау қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында бүгін “Қоғамдық келісім” КММ-де «Этномедиацияның базалық негіздері» 2-күндік семинар-тренингі басталды.
Іс-шараны мекеме басшының м.а. А.Нұрмағанова ашып, семинар қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі. Айгүл Бейсенбайқызы қазіргі жағдайдағы этномедиацияның маңыздылығы туралы айтып, қажет болған жағдайда этносаралық қақтығыстарды реттеу үшін қолдануға болатын тиісті дағдыларды игеру мен оқуда табыс тіледі.
Мекеменің талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А.Қ. Раев қатысушыларға оқыту бағдарламасын айтып, олардың назарын осы өткізілетін іс-шараның біздің аймақ үшін маңыздыздылығына аударды.
Іс-шараның мақсаты практикалық қызмет үшін этносаяси процестерді талдау және болжау, этномедиация саласы туралы тұтас түсінік, жанжалдағы өзара іс-қимылдың тиімді технологияларымен, күрделі жағдайларды сындарлы шешу әдістерімен, сондай-ақ қақтығыстар, дағдарыстық жағдайлар саласында, ішкі саясатты жоспарлауға, жанжалдардың алдын алуға және реттеуге бағытталған оңтайлы басқару шешімдерін іздестіру саласында құзыреттерді қалыптастыру болып табылады.
Семинарға ауылдық округ әкімдері, білім беру, ішкі саясат, құқық қорғау органдары, жастар ресурстық орталықтары, этномәдени және қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысады.