Ақмола облысының Қоғамдық келісім кеңесі қызметінің қорытындысы бойынша анықтама
Ақмола облысында жалпы саны 2 987 адамды қамтитын 1 облыстық деңгейде, 2 қалалық, 17 аудандық және 228 ауылдық деңгейдегі 248 ҚКК әрекет етеді. ҚКК қызметінің ережесіне сәйкес, отырыстар тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Онда 2017 жылы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға; «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ҚР халқына арналған Президент жолдауын талқылауға; қазақстандық жаңа патриотизмді тәрбиелеуге; елді-мекендерді абаттандыруға; табысы аз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге; салауатты өмір салтын насихаттауға; медиацияға қатысты өзекті деген 136 мәселе қаралды. Сонымен бірге кезектен тыс отырыстарда конституциялық реформаларды түсіндіру мен талқылау, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Ақмола облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсетілуін үйлестіруі, Халықаралық мамандандырылған «ЕХРО-2017» көрмесін өткізуге қолдау көрсету, Мемлекет басшысы Н.А. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын «Туған жер», «Қазақстанның 100 тұлғасы», «Мемлекеттік тілдің латын қарпіндегі әліпбиінің бірыңғай стандарты» сияқты бағыттар бойынша талқылау мен түсіндіру мәселелері де қаралды.
ҚХАА жанындағы ҚКК қызметі бағытының бірі – ақпараттық түсіндірме жұмысы («дөңгелек үстел», диалог алаңы, кездесулер, әңгіме-дүкен құру, дәрістер және тағы басқаларын өткізу). Осылайша іске асырылған 760 іс-шара 25 000 аса адамды қамтыды.
ҚХАА жанындағы ҚКК қызметінің екінші бағыты – медиация кабинеттері мен ҚКК-нің өзара әрекет етуі. «Қоғамдық келісім» КММ-де медиация кабинеті және «сенім телефоны» жұмыс істейді. Қабылдауды ҚХАА жанындағы облыстық ҚКК мүшесі Г.И. Сыздықова жүргізеді. 2017 жылы Кеңестің өзара әрекеттесуімен медиация кабинеттерінде облыстық деңгейде 7 іс, қалалық деңгейде 31 іс, аудандық деңгейде 109 іс және ауылдық деңгейде 19 іс (некені бұзу, тұрғын үй, коммуналдық күтіп ұстау, мәміле құқын жарамсыз деп тану, жалақыны өндіріп алу, ата-ана құқығынан айыру, балалармен тілдесу тәртібі және т.б. туралы өтініштер) барлығы 166 медиативтік келісім қаралды. Тұрғындар арасында әлеуметтік және құқықтық жанжалдарды ескерту, шешу, дау-дамайды сотқа дейін реттеу механизмі ретінде Медиация институтын дамыту және кеңінен насихаттау мақсатында облыстың аудандарында кездесулер, «дөңгелек үстел», «ашық есік күндері», кеңес беру және т.б. өткізіліп жатыр.
ҚХАА жанындағы ҚКК қызметінің үшінші бағыты – қайырымдылық ісін дамыту. Облыста барлық деңгейдегі Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің белсенді қатысуымен 161 қайырымдылық шарасы («Мейірім», «Мектепке жол», «Қамқор» қайырымдылық акциялары, Атбасар, Сандықтау аудандарында су тасқынынан жапа шеккендерге көмек, қайырымдылық түскі ас және т.б.) өтті.
Қоғамдық келісім кеңестерінің тағы бір міндеті – жоспарлардың, өңірдің әлеуметтік, экономикалық даму бағдарламаларының жүзеге асырылуына қоғамдық бақылау жасау. Мәселен бірінші қажеттіліктегі тауар бағаларын реттеу, арнайы шотқа түскен қаражатты Ақмола облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге бөлу, аудандық орта мектептердің, ауылдық клубтардың күрделі жөндеуден өтуі, кентішілік жолдарды жөндеу, сумен жабдықтау мәселелері және т.б. бойынша қоғамдық бақылаулар өткізілді.
Ақмола облысының Қоғамдық келісім кеңестері мемлекеттік бағдарламаларды, аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жүзеге асыруға тартылған. ҚКК мүшелерінің (аудан кәсіпкерлерінің) белсенді қатысуымен әлеуметтік-экономикалық мәселелер өз шешімін тауып жатыр. Мысалы, мынадай оң жақтары бар:
– орта мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізу мәселелері шешілді, Бурабай ауданы және Степногор қаласындағы балабақшаларды қалпына келтіру;
– Астрахан, Егіндікөл, Целиноград аудандары, Көкшетау, Степногор қалаларында спорт алаңдарын, стадиондарды салу;
– Қорғалжың, Сандықтау аудандарындағы кентішілік жолдар жөнделді;
– Аршалы және Бурабай аудандарында мешіт салу;
– Көкшетау қаласында «Мейірім» мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау орталығы ашылды;
– Степногор қаласында ескерткіш салу;
– Есіл, Целиноград аудандарында тұрғын үйлер беру;
– Аршалы ауданында су өткізу жүйесінің мәселесі шешілді;
– Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылында «Достық орталығы» ашылды;
– Ерейментау ауданының Өлеңті ауылында мешіт салуға көмек көрсетілді;
– Шортанды ауданындағы шалғай жатқан ауылдық елді мекендерде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін дәрі-дәрмек (саны 25 атау) бағасы 10 %-ға кеміді.