«Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ-нің «Русская песня» халықтық ансамблі көкшетаулық музыкант Руслан Богдановқа қoлдау көрсетуге арналған қайырымдылық концерт берді!
Өткен сенбі күні орын алған Көкшетау қаласының «Истоки» Мәдениет үйіндегі «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ-нің «Русская песня» халықтық ансамблінің қайырымдылық концертіне көптеген көрермен жиналды.
Іс-шарадан жиналған барлық қаражат, қазіргі таңда ауыр науқаспен күресіп жатқан белгілі көкшетаулық жас музыкант, сазгер, аранжировщик, ән орындаушы Руслан Богдановтың емделуіне берілді.
Руслан Богданов – өте жарқын және кеңпейіл адам, Көкшетау қаласы мәдениетінің даму тарихына үлкен үлес қосқан талантты музыкант. Біздің өңірде оның жүзіндегі өмірсүйгіш күлкісін, қалалық, облыстық, республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі түрлі концерттердегі ән орындауларын жақсы білетін жандар аз емес. Көкшетаулық оқушылардың Русланға деген қарым-қатынастары тіптен ерекше, себебі білім беру саласында бірнеше жыл жемісті еңбек еткен ол облыстағы оқу орындарында балаларды даярлап, шығармашылық смотрлар өткізді. Русланның басына түскен қиындыққа көмек көрсетуге күллі Көкшетау қаласының тұрғындары қатысты. Қала тұрғындары «Көкшетау», «Достар», «Истоки» МС-да, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында өткен өткен қайырымдылық концерттеріне барды.
Бұл күні Мәдениет үйінің сахнасынан қала тұрғындарының сүйікті ұжымының орындауында олардың сүйікті әндері орындалды. Көрермендердің айрықша қошеметіне Татьяна Балабурдина, Александра Сокольская, Светлана Кабаргина сынды әншілер ие болды. Сонымен қатар «Кнопочки» би ұжымының жас бишілері, жас әншілер Эвелина Титова, Федор Брычиков, Ярослав Евдокимов, Андрей Чуенколар өнерлерін ортаға салды.
«Русская песня» ансамблінің шығармашылық жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚХА мүшесі Зоя Авилова, бір кездері арнайы өзі үшін Руслан Богданов жазған Анна Германның репертуарындағы «Один раз в год сады цветут» әнінің бірінші фонограмасында орындады. Ол өзі ана ретінде, Русланға жасалуы тиіс қымбат ота туралы, оның қандай керемет жар, Карина есімді қызды тәрбиелеп отырған жақсы әке екендігі жайлы айтып берді. «Ол – жігері мықты адам! Оның бұл ауыр науқасты жеңіп шығарына сенімдіміз» – деп аяқтады өз сөзін Зоя Николаевна.
Айта кетерлігі, халықтық ансамблінің әншілері орындаған әндердің баршасына Сәкен Қарбаев сынды өнерпаз баянмен сүйемелдеу жасағанын атап өткен жөн.
«Свиридовский вальс», «Зима на улице», «Вишневая метель», «Через реченьку мосток», «Звездочка тучку задела», «А душа болит», «Любимый мой», «Елочки-сосеночки» сиықты халық әндерін біріктіріп «Русская песня» ансамблі орындаған попурри де жиналған жұртшылықтың көңілінен шығып, олар сахнадағы әншілермен қосыла ән шырқады.
«Егер көмектесе алсаң – көмектес, Егер жылу сыйлай алсаң – жылу сыйла, Егер сақтай алсаң – мың күні мен түннің арасында сақта» – деген әннің сөздері естілгенде, залда отырған көрермен орындарынан көтеріліп, достық толқынында өмірсүйгіштікке толы әнді жалғастырып әкетті.
Араларында жоғары буын өкілдері басым көрермендер, қолдау көрсетуге арналған қорапшаға келектесіп келіп, оның ішіне жай ғана ақша емес, өзгенің басына түскен қиындыққа бейжай қарамайтын жүректерінің бір бөлшектерін қалдырғандай әсер туды.