Достық үйінде жерлес батырлар С.Нұрмағамбетов, Р.Қошқарбаевтың 100 жылдығына және Т.Бигельдинов пен М.Ғабдуллинге арнаған іс-шара өтті

Бүгін Достық үйінде Жеңіс күні қарсаңында жерлес батырлар С.Нұрмағамбетов, Р.Қошқарбаевтың 100 жылдығына және Т.Бигельдинов пен М.Ғабдуллинге арнаған іс-шара өтті.
Жастарға отансүйгіштік қасиетін насихаттауға бағытталған шараны Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-і және Ақмола облысының мемлекеттік архивы бірлесіп ұйымдастырды.
Қатысушылар Көкшетау қаласының арнайы орта, кәсіптік оқу орындарының студенттері, ТЖМ және полиция қызметкерлері. Қаламыздың арнайы орта, кәсіптік оқу орындарының студенттері, ТЖМ және полиция қызметкерлеріне соғыс ардагерлері мен қазіргі заман батырлары туралы деректі кино көрсетіліп және мұрағатта сақталған фотолардан көрме ұйымдастырылды.