Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Халықтық сәндік-қолданбалы шығармашылық шеберлер одағы
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы
Халықтық сәндік-қолданбалы шығармашылық шеберлер одағы
Халықтық сәндік-қолданбалы шығармашылық шеберлері қауымдастығының негізгі міндеттеріне жатады:
- халық кәсібін, Қазақстан Республикасында өмір сүретін ұлттардың мәдени мұрасының ұстанушылары мен сақтаушылары ретіндегі халықтық-сәндік және суреттеу өнері шеберлерінің шығармашылық әлеуетін қолдау және әрі қарай дамыту;
- халықтық-сәндік және суреттеу өнері шеберлерінің, қызметін дәріптеу мәдени жобаларды әзірлеуге қатысуын белсенділендіру, мемлекетімізде өмір сүретін ұлттардың мәдениеттерінің өзара әрекеттестігі мен сабақтастығы, жас таланттарды қолдау және қазіргі заманғы халық шеберлерінің жаңа есімдерін ашу.
«Қоғамдық келісім» КММ көрме залында тұрақты қызмет ететін көрме залы бар. Бұл жерде шеберлер Қауымдастығы мүшелерінің жұмыстары қойылады.
Сонымен қатар қауымдастықтың шеберлері халықтық-сәндік шығармашылық бұйымдарының көрме-жәрмеңкелеріне, жыл сайын Қазақстан халқының бірлігі күніне, Наурыз мерекесіне, Поляк әні фестиваліне, Сабантой халық мерекесіне қатысады. Шығармашылық мамандықтардың оқушылары мен студенттеріне арналған оқу жылы бойы аптасына бір рет шебер – сағаттары өткізіледі.
Қауымдастықтың шеберлері қайырымдылық аукциондарына өз жұмыстарын ұсына отырып, белсенді қатысады.