«Отбасы ағашы» акциясы
Мамырдың 15-і күні Халықаралық отбасы күніне орай көгалдандыру және көркейту, әр отбасының тамырын тереңге бойлатып, нығайту мақсатында «Отбасы ағашы» Республикалық акциясы өтті. Акцияға Ақмола облысы Аналар кеңесінің мүшелері, «Мерейлі отбасы» сайысының жеңімпаз отбасылары, іскер әйелдер қауымдастығы, «Асыл аналар» көпбалалы аналар бірлестігі, «Сенімен болашақ» ҚБ, еріктілер клубының мүшелері ағаштар отырғызуға қызығушылықпен белсене ат салысты.
«Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды»- дегендей, ел мен жер — оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары — біздің басты байлығымыз. Қаламыз гүлденіп, көркеюі үшін бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, атсалысайық! Әр отбасы бақыт пен шаттыққа бөленіп, «Отбасы ағашы» көркейіп, тереңге тамыр жая берсін!