XXXIII сессияда қозғалған тақырыптарды талқылау бойынша аудандық Аналар кеңесінің төрайымдарымен ЗУМ конференция өтті
Достық үйінде ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Айнұр Жахина Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты XXXIII сессиясында қозғалған тақырыптарды талқылау бойынша аудандық Аналар кеңесінің төрайымдарымен ЗУМ конференция өткізді.
Конференция барысында Мемлкет басшысының сессияда айтқан басым бағыттарына тоқталды:
1. Тасқын сумен күрес және өз үлестерін қосқан азаматтар;
2. Апат орын алған өңірлердің шығындары;
3. Ассамблеяның жұмысы туралы.
Президент Ассамблеяны әлеуметтік тұтастық пен отаншылдықты дәріптейтін институт ретінде нығайтуды ұсынды, «Ең алдымен Ақсақалдар кеңесі және Аналар кеңесі сияқты тиімді құрылымдарды дамыта түскен абзал. Министрліктер және әкімдіктер олардың қызметіне қолдау көрсетуі қажет. Арнайы гранттар бөліп, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар беруі керек», – деп тапсырды Президент.
Конференцияға қатысқандар Аналар кеңесінің жұмысы туралы өз пікірлерін ортаға салып, алдағы жоспарларымен бөлісті.