Медиация кеңесінің отырысы

25 мамырда Достық үйінде Ақмола ҚХА медиация кеңесінің отырысы өтті. Кеңес мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өткен отырыста «Білім беру саласындағы медиация мәселелері» тақырыбы қарастырылды.

Залда және онлайн-форматындағы қатысушылар оқушылар мен мұғалімдер арасындағы, оқушылар арасындағы жанжалдар мен даулардың сұрақтары мен мысалдарын және оларды шешу жолдарын талқылады.