Чуваш этномәдени орталығының 10 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін «Достар» сарайында Ақмола ассамблеясының Чуваш этномәдени орталығының 10 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.
Көрермендерге Чуваш республикасының Халық әртісі Вячеслав Христофоровтың жетекшілігіндегі «Янра юра» ансамблі өз өнерін ұсынды. Әсем ұлттық костюмдердегі әртістер бір-бірін алмастыра отырып, әуезді чуваш композицияларын орындады. Әр орындалған ән ризашылық білдірген көрермендердің қошеметіне бөленді.
Алыстағы Чувашиядан келген қонақтарға облыс әкімінің орынбасары А. Әміренова қошемет көрсетіп, ансамбль басшысына Алғыс хат табыс етті.
Бұл концерт біздің қаламыздың тұрғындары үшін ұзақ уақыт есте қалатыны сөзсіз.