Қайырлы кеш, Көкшетау!
Ағымдағы жылдың 21 маусымынан бастап апта сайын сенбі күні сағат 19.00-де Достық үйінің аумағында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының «Қайырлы кеш, Көкшетау» жобасы жүзеге асырылады. Оның аясында облыс орталығының тұрғындары аймақтың барлық этносының салт-дәстүрлерімен, мәденетімен, халықтық өнерімен танысатын болады.
Осы жоба аясында 2019 жылғы 22 маусымда «Қоғамдық келісім» КММ (Достық үйі) аумағында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы вокал студиясының есептік концерті өтті.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Ю. Тохаева құттықтау сөз сөйледі.
Есеп беру концертіне жас та, үлкен де – бәрі 24 вокалшы қатысты. Әндер қазақ, орыс, түрік, еврей, әзірбайжан сияқты әр түрлі тілде орындалды.
Концерт алуан репертуармен қызықты болды. Ол әртістердің шеберлік деңгейін жарқырата көрсетіп қана қоймай, мәдениеттерді өзара байыту, халықтардың бірлігі мен достығы үлгісін дәлелдеді.
Әртістердің вокалдық дауыстары Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының гимнін орындауға қосылып, концерт риза болған көрермендер ду қол шапалағымен аяқталды.