Алтын жас
Бүгін Көкшетау қаласының Достық үйіне таңертеңгі мезгілден бастап жас шамалары «алтын жас» деген атауға сәйкес келетін жандар мерекелік шараға асыға жиналды. Күн райының өзі де мерекелік көңіл-күйді қолдағандай, көкшетаулықтарға өз нұрын төгіп тұрді. Дәл осы шуақты күні қонақжай Достық үйінде көптен оқиға: Белсенді өмір сүру орталығы ашылды.
Айта кетерлігі, осы мәндегі орталықтар Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Нұр Отан» партиясының бірлескен іс-шаралар жоспары және «Ардагерлерді ардақтайық» – «С заботой о старшем поколении» партиялық жобасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде ашылуда. Біздің қаламыз да аталмыш бастамаға қуана қолдау білдірді.
Орталықтың ашылуында «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ. Бекмағамбетов, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі М. Тохаева, Ақмола облысының этномәдени орталықтарының өкілдері, қаланың құрметті азаматтары болды.
Бүгін Көкшетау қаласы Достық үйіндегі Белсенді өмір сүру орталығында бірнеше бағыттар бойынша жұмыстар басталды. Егде жастағы адамдар үшін қазақ тілін үйрену клубы, «Салауатты өмір салты» клубы, сонымен қатар психолог, заңгер және медиатор кабинеті мен IT-сынып ашылды.
Жұмыстың бірінші күні аса жемісті болды. Жетекшісі ҚХАА-ның жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы З. Қиықова саналатын «Қазақша сөйлесейік» атты қазақ тілін үйрену клубында қазақ халқының ұлттық салттары көрсетілді, қонақжай Зере Еспайқызы қазақ тілін үйренудің маңыздылығытуралы айтып, сондай-ақ барлық қонақтарға қымыз бен бауырсақтан дәм татуды ұсынды. “Салауатты өмір салты” клубында нұсқаушы басшылығымен егде жастағы жандар деп айтуға келмейтін сергек жандар емдеу-сауықтыру гимнастикасымен айналысты. Психолог, заңгер және медиатор кабинеті де бос қалған жоқ: Құрметті судья М. Ғибадилов барлық тілек білдірушілерге кеңес берді. Әсіресе, ақпараттық технологиялар сыныбы қонақтарды қызықтырды, онда барлық ниет білдірушілер Интернетті пайдалану дағдыларына үйреніп, компьютерлік сауаттылық негіздерін меңгере алады.
ҚХАА Хатшылығының меңгерушісі М. Тохаева Белсенді өмір сүру орталығының ашылуында: «Бұл өте маңызды оқиға. Орталық үлкен жастағы адамдардың өзін-өзі жүзеге асыруына және қоғамдық өмірге қатысуына жағдай жасайды. Бүгін біздің Достық үйінде бұл үшін қажетті барлық нәрсе бар», -деген ойымен бөлісті.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының келушілерін әр түрлі сала мамандары – бағдарламашылар, психологтар, спортшылар, заңгерлер оқытады. Жасына қарамастан, өмірге қызығушылық танытқан қарт адамдар өз белсенділігін жүзеге асыра алады, жаңа білім ала алады, бір сөзбен айтқанда, толық өмір сүре алады және күтпеген бағыттарда дами алады.