ҚХАА-ның жанындағы Аналар кеңесінің қызметі туралы ақпарат
№ | Барлығы, оның ішінде | Облыс бойынша саны, оның ішінде | Мүшелерінің саны | Кеңес құрамына кіретін орталықтар, клубтар, үйірмелер, қоғамдық бірлестіктер саны | Өткізілген іс-шаралар саны
|
БАҚ жарияланымдар саны | |||||
2017 | 2018 | 2017 | 2018 | 2017 | 2018 | 2017 | 2018
|
2017 | 2018
|
||
1. | Облыстық | 1 | 1 | 16 | 17 | 12 | 15 | 28 | 32 | 36 | 48 |
2. | Қалалық | 1 | 8 | – | 8 | 8 | |||||
3. | Аудандық | 6 | 11 | 71 | 234 | 8 | 9 | 51 | 63 | 14 | 12 |
4. | Ауылдық | 81 | 87 | 291 | 600 | 34 | 36 | 305 | 333 | 3 | 17 |
5. | БАРЛЫҒЫ | 88 | 100 | 378 | 859 | 54 | 60 | 384 | 436 | 53 | 85 |
2018 жыл бойында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесімен келесідей жұмыстар жүргізілді:
- Аналар кеңесінің ұйымдастыру сұрақтары бойынша 4 отырысы өткізілді;
- жалпы саны 4000 мыңнан астам адамды қамтыған мектеп оқушылары, колледж, ЖОО студенттері, мемлекеттік мекеме өкілдерімен 37 кездесу өтті, олырдың ішінде дәрістер, мамандық таңдау және өмірде табысқа жетудің негіздері бойынша шеберлік-сабақтары, жеке тлғалқ өсу бойынша семинар-тренингтер бар;
- 12 970 адамды қамтыған 436 іс-шара өткізілді.
- Ақмола облысында тұратын 8 науқас балаға көмек көрсетілген 12 қайырымдылық акциясы өткізілді. Аталмыш акцияларда жиналған жалпы қаражат мөлшері 10 500 000 теңгеден асты. Өткізілген іс-шаралар біздің елдің, Түркияның, Ресейдің ең үздік емханаларында емделуге жол ашты.
- ҚР Президентінің Жолдауы 5 әлеуметтік бастаманы талқылауға спикер есебінде қатысуы және т.б.;
- 4 аудандық Аналар кеңесі ашылды (Біржан сал, Бұланды, Сандықтау және Целиноград аудандарында) және Степнргорск қ. 1 қалалық деңгейдегі Аналар кееесі;
- «Еркеназ» атты 1 қыздар клубы ашылды: (Р. Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебі)
- Аналар кеңесінің қызметін жарықтандыру мақсатында республикалық, облыстық БАҚ-да екі тілде материалдар жарияланады (85 жарияланым), әлеуметтік желілерде, жаңалық сюжеттерінде ақпарат жүргізіледі (15 сюжет), облыстық телеарнадағы «Интонация» телебағдарламасы, видеороликтер түсіріледі;
- Ақтөбе қ. өткен бірінші Республикалық аналар слетіне қатысып, ол жерде біздің делегация мүшелері Қазақстандағы жалғыз «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығына барды. Сонымен қатар ҚХАА-ның жанындағы Аналар кеңесі Ақтөбе ҚХА мүшелерімен жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, ал нақтырақ айтқанда «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» жобасымен. Одан бөлек Ақтөбе қ. №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясында «Ана – дара тұлға, ана – дана тұлға» атты іс-шара өткізді.
- Талдықорған қаласында өткен республикалық Аналар кеңесінің форумына қатысып, ол жерде Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Н.И. Шанаи Ақмола облысы Зеренді аудандық Аналар кеңесінің жұмыс тәжірибесін республиканың өзге өңірлеріне үлгі ретінде қойды.
ҚХАА жанындағы Аналар кеңесімен «Қыз тәрбиесі – Ұлт тәрбиесі» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – отбаслық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау және дамыту, отбасы мәртебесін көтеру және қыз бала тәрбиесінің үздік тәжірибесін, этномәдени дәстүрлерді, отбасы тәрбиесін тарату.
Міндеттері: Қыздарға қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан «Қызды тәрбиелеу, ұлтты тәрбиелеу» қағидасы бойынша отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар негізінде кеңес беру, өткен және қазіргі заманғы қоғамдағы әйелдің имиджі мен рөлі туралы әңгімелеп, қыздарды дұрыс арнаға бағыттау, оларды толғандыратын сұрақтарға жауап беру.
Нәтижелер / жетістіктер: Аталмыш жоба аясында «Мәншүк», «Айғаным», «Сырғалым», «Шаңырақ», «Абай», «Үкілімай» және 2018 жылы «Еркеназ» қыздар клубтары ашылды. Клубтарда қыз балалар туған жеріне деген сүйіспеншілікке, отансүйгіштікке, өз халқының мәдениетін құрметтеуге, үй шаруашылығын, қолөнер бұйымдарын меңгеруге, ас дайындауға үйренеді. Клубтардың жұмысы барысында қаланың және облыстың көрнекті қоғам қайраткерлері дәрістер оқып, саналы мамандық таңдау бойынша, өмірлік жетістіктердің негіздері жайында семинарлар, сондай-ақ егде жастағы адамдар мен дәстүрлерді құрметтеуге үйрететін жеке өсу бойынша семинарлар мен тренингтер өткізіледі. Бүгінгі қыздар, болашақ аналар, өздері көп өнер мен шаруаны меңгерген шеберлер ретінде ғана емес, сондай-ақ отбасының тәрбиешісі ретінде де болуы тиіс. Клубтардағы сабақтарда қыздар өздерінің аналары мен әжелерінің берген тәрбиесін ұмытпай, соларды бойына дарытып, солай бола тұра заманауи болуға үйретіледі. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстау, этикеттің ережелеріне үйренеді, білімге, оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға күш салынады. Қатысушылардың ата-аналарымен консультациялық жұмыс жүргізіледі, өйткені тұлғаны қалыптастырудың негізгі отбасында басталады. Ұлы дала қызының бейнесі, бірінші кезекте, даналық пен қарапайымдылықтың, сезімталдық және әдіптіліктің, нәзіктік пен өжеттіктің, ізеттілік, сұлулық пен шеберліктің үйлесімі болып саналады. «Қыздарды тәрбиелеу арқылы, біз бүкіл хылықты, тұтас ұлтты тәрбиелеп жатырмыз».
Жоба аясында: Целиноград ауданы, Ақмол кентіндегі «Келін – отбасымыздың ырысы» облыстық байқауы, қыздар арасындағы «Үлгілі қыз» байқауы, ақмолалық отбасылар арасындағы «Өнерлі жанұя» шығармашылық байқауы, «Жазығым не менің, мама?» театрландырылған көрінісі, «Көненің ізі – салт-дәстүрдің көзі» қорытындысы іс-шаралары және т.б. іс-шаралар өткізілді.
Аналар кеңесімен жүзеге асырылып жатқан екенші жоба – «Қайырымды ақмола». Жоба мақсаты – психологиялық дамуында тежелуі, интеллектуалды ауытқулары бар балалар мен жасөспірімдерді қолдау және қайырымдылық көмек беру, олардың қазіргі заманғы әлемде толыққанды әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету.
Нәтижелер / жетістіктер: Ақмола облысында тұратын 8 науқас балаға көмек көрсетілген 12 қайырымдылық акциясы өткізілді. Аталмыш акцияларда жиналған жалпы қаражат мөлшері 10 500 000 теңгеден асты. Өткізілген іс-шаралар біздің елдің, Түркияның, Ресейдің ең үздік емханаларында емделуге жол ашты.
Аналар кеңесімен Көкшетау қаласының Аналар үйінде «Аялы алақан» акциясы ұйымдастырылып, оның барысында қиын өмірлік жағдайға тап болған жас аналарға материалдық қана емес, эмоционалдық қолдау көрсетілді
Сонымен қатар «KÓKSHE» телеарнасымен бірлескен «Асар» қайырымдылық акциясы жүргізіледі, оның асянда Аналар кеңесімен көпбалалы отбасыларға 1 000 000 теңгеден астам қаражатқа жылы киімдер берілді.
Осы жылы жүзеге асырылып жатқан үшінші жоба ҚХА ғылыми-ағартушылық «Қазақтану» жобасы және «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық жобасы болды.
Мақсаты – «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасын, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, философиясын, дәстүрін және этикасын насихаттау, жастардың бойына ұлттық, рухани, мәдени құндылықтарды сіңіру, оларды аталмыш бағыттағы шараларға араластыру.
Аталмыш жобаны жүзеге асыру мақсатында ҚХАА жанындағы Аналар кеңесі және облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ бірлесе, облыс аудандарында рухани-адамгершілік, отбасы құндылықтары, өскелең ұрпақ тәрбиесі сұрақтарына баса мән берілетін шоғырлы іс-шаралар өткізілді.