Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі туралы ереже

1.Жалпы ережелер.

1.1. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының  жанындағыАналар кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) этномәдени бірлестіктердің белсенділері, Қазақстан халқы Ақмола  ассамблеясының, үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің, мемлекеттік органдардың, коммерциялық құрылымдардың өкілдерінен құрылған  – әйелдерді ерікті негізде біріктіретін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

1.2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңдары, «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі», өзге де нормативті-құқықтық актілер, сонымен қатар осы Ереже құрайды.

1.3.Кеңес қоғамдықпен, этномәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен және білім беру  орындарымен, Ақмола ассамблеясының қоғамдық келісім мен бірлік, мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыру сұрақтары бойынша барлық құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ Ақмола облысы әкімдігі жанындағы Отбасы және әйелдер істері  және демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен және өңірдегі басқа да ұқсас ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

1.4. Кеңес өз қызметін облыстың барлық аумағында жүзеге асырады, Аналар кеңесі отырысын бір тоқсанда бір рет өткізеді.

 

2.Аналар кеңесінің мақсаты.

2.1. Кеңес қызметінің негізгі мақсатына жатады:

– өңірдегі этносаралық келісімді және жалпыұлттық бірлікті  қамтамасыз ету;

– Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени бірлігін қалыптастыру, толеранттылыққа, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;

– отбасылық құндылықтарды насихаттау, неке және отбасы институтын нығайту ісіне үлес қосу.

 

  1. Кеңестің негізгі міндеттері.

Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады:

3.1.Отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау және дамыту, отбасының мәртебесін көтеру және балаларды тәрбиелеудегі үздік тәжірибені, отбасылық тәрбиенің этномәдени дәстүрлерін тарату;

3.2.Отбасы мәртебесін көтеру және отбасылық өмірдің беделін арттыру;

3.3.Этносаралық келісімді, толеранттық қатынастарды дамыту, достықты нығайту, қазақстандық патриотизмді нығайту, ұрпақтардың сабақтастығы, Қазақстан халқының ұлттық дәстүрлерін және отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу;

3.4.Жас отбасыларды әр түрлі шығармашылық белсенділікке тарту және шығармашылық әлеуеттерін ашу;

3.5.Ата-аналардың өз ұрпақтарының  физикалық және рухани-адамгершілік денсаулығын нығайтуға тәрбиелеу ісіндегі жауапкершілігін арттыру;

3.6. Отбасылық тұрмыс жағдайын жақсартуды және ата-ана табыстарын дамытуды насихаттау;

3.7.Көп балалы отбасылар туралы қоғамдық сананы өзгерту, олардың әлеуметтік проблемаларын шешуде жалғызбасты және көп балалы аналарға кеңес беру арқылы көмектесу;

3.8.Жастар арасында антисоциальдық мінез-құлықты болдырмау; аға ұрпаққа мейірімділік пен рухани сезімталдық тұрғысында қарауға тәрбиелеу;

3.9. Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге, қоғамдық келісімді, бірлікті және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған отбасылық, мәдени-сауықтыру және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру және өткізу;

3.10.Кеңесте оның құзыретіне қатысты шағымдарды қарауға.

 

  1. Кеңестің құқығы.

Мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін Кеңес құқылы:

4.1. Өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, білім мекемелерінен қажетті құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;

4.2. Өз құзіретінің шегінде Кеңес қызметіне қажетті құжаттар мен материалдарға сұраныс жасауға және алуға;

4.3. Мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен және кәсіподақтармен және басқа да ұйымдармен өз құзіреті шегінде өзара іс-қимыл жасауға;

4.4. Қазақстандық патриотизмді нығайту, қоғамдық келісімді, бірлік пен отбасылық құндылықтарды дамыту мәселелері бойынша бағдарламаларды әзірлеуге, талқылауға және ұсынымдар әзірлеуге қатысу.

 

  1. Кеңес жұмысын ұйымдастыру


5.1. Кеңеске облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кандидатурасын тағайындаған төраға/төрайым жетекшілік етеді. Орынбасарын Кеңес төрағасы/төрайымы тағындайды.

Кеңес құрамына ерікті негізде этномәдени бірлестіктер, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері мен қоғамдық құрылымдары, қыздар клубының басшылары және т. б. қатарынан әйел – аналар кіреді.

5.2. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

5.3. Кеңес отырысқа қатысып отырған мүшелерінің  көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етуші тұлғаның дауысы шешуші болып табылады.

Кеңес отырысы, егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды деп есептеледі. Кеңес шешімдері хаттамамен ресімделеді.

5.4. Кеңес төрағасы/төраймы:

1) Кеңес қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді;

2) облыстық Ассамблеямен келісім бойынша кеңес отырыстарының күн тәртібін қалыптастырады;

3) Кеңес төрағасы болмаған кезде отырыстарда Кеңес төрағасының орынбасары төрағалық етеді.

6. Кеңестің қызметін қамтамасыз ету

Кеңестің ұйымдастырушылық және ақпараттық қызметін Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ жүзеге асырады.