ҚХАА Аналар кеңесінің Әжелер мектебінің мүшелері «Әже тәрбиесі – ұлылықтың дәні» жобасы аясында «Еркемай» балабақшасында ою-өрнектер бойынша шеберлік сағатын өткізді.
Іс-шара барысында әжелер балабақша тәрбиеленушілерімен түрлі ою-өрнектерді жасап, ұлттық нақыштағы бұйымдар жасаудың жолдарын меңгерді.
Түрлі ою-өрнектерді жасау барысында балалардың шығармашылық қабілеттері дамып, қолөнермен танысу мүмкіндігі пайда болды. Осындай іс-шаралар арқылы халқымыздың бай мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру маңызды болып табылады.