«Чак-чак байрамы» облыстық фестивалі өтті.
Бүгін Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де «Ақмола облысының татарлары мен башқұрттарының бірлестігі» ҚБ және облыс аудандары мен Астана қаласынан келген ЭМБ өкілдерінің қатысуымен «Чак-чак байрамы» облыстық фестивалі өтті.
Сахнада Ақмола облысының өңірлерінен, сондай-ақ ел астанасынан келген ансамбльдер, шығармашылық ұжымдар мен әртістер өнер көрсетті. Концерттік бағдарламаға: «Ғалиябану» ансамблі, Астанадан «Дуслык» ансамблі, Астана қаласының башқұрт ЭМБ «Ақбузат», «Тұран» вокалдық тобы, «Юлдаш» ансамблі және т.б. қатысты. Жүргізушілер қонақтарды викторинамен қызықтырды, онда дұрыс жауаптар үшін көрермендер шағын сыйлықтар алды.
Жиналғандар алдында «Қоғамдық келісім» КММ басшысының м.а. Нұрмағанова Айгүл Бейсенбайқызы және «Ақмола облысы татарлар мен башқұрттар бірлестігінің» төрағасы Сулькарнаев Рафаил Саитович құттықтау сөз сөйледі.
Мерекелік тағамдарды дайындау бойынша аспаздық жарыс өтті, онда қатысушылардың әрқайсысы өз туындыларын қазылар алқасының алдында ұсынды. Бұл мерекеде басты назар чак чакқа аударылды. Чак-чак – бұл бал сиропымен араластырылған қамырдың қуырылған бөліктерінен, ұннан жасалған печенье, көптеген түркі тілдес халықтардың дәстүрлі тағамы.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар ұйымдастырушылардан бағалы сыйлықтар мен дипломдар алды, сондай-ақ барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.