Қостанай облысында Журналистер клубының көшпелі отырысы
Бүгін 20 қыркүйек күні Қостанай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы болып өтті.
Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты – ҚХА Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты – ҚХА «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасының жетекшісі Геннадий Шиповских, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, сонымен қатар Ақмола ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының мүшелері Баишева Гакку, Бурда Вероника және Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Қ.М. Сейтмағамбет қатысты.
Отырыста этносаралық қатынастар туралы материал дайындаудағы ерекшеліктер, әлеуметтік желіде контентті ілгерілету және БАҚ мәселелері талқыланды.