Достық үйі би үйірмесінің қатысушыларына шеберлік сабақ
Бүгін Алматы қаласынан келген «Наири» би ансамблінің хореографы және көркемдік жетекшісі Мхеян Татевик Аветисовна «Қоғамдық келісім» КММ және армян «Бари» этномәдени бірлестігі ұйымдастырған Достық үйі би үйірмесінің қатысушыларына шеберлік сабағын өткізді.
Мастер-класс сабақ форматында өтті, онда жас бишілер би өнерінің негіздері мен озық әдістерімен, көркемдік пен импровизациямен тереңірек танысты.