Астанадағы Әлішер Науаи ескерткіші

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекістан президенты Шавкат Мирзиеев Астанадағы Әлішер Науаи ескерткішін салтанатты түрде ашты.
Қасым-Жомарт Кемелұлы елорда төрінде ұлы ақын, көрнекті ойшыл Әлішер Науаидың еңселі ескерткішінің бой көтеруі, ең алдымен, қазақ жұртының өзбек халқына деген ерекше ықыласының белгісі екенін айтты.
Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне біздің облыстан ҚХАА төрағасының қоғамдық орынбасары, өзбек этномәдени бірлестігінің төрайымы Тожибуви Медетова қатысты.