«Текемет басудан» шеберлік сағаты
Бүгін сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының мүшесі Гүлнар Орынбаеваның жетекшілігімен «Текемет басудан» шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатқа Ақмола облысының аудандарынан келіп БАИ «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақмола филиалында біліктілік арттыру курсынан өтіп жатқан еңбек пәндерінің мұғалімдері қатысты. Қатысушылар қабырғаға ілетін кішкентай пано жасап үйренді.
Жүнді киіз басу – матаға киіз басу үшін жүннен өрнектер жасалатын қолөнер бұйымдары немесе киіз, көлемді ойыншықтар, паннолар, сәндік бұйымдар, киімдер немесе аксессуарлар жасайтын ерекше әдіс. Киіз басу – жер бетіндегі ең көне тоқыма өндірісі.