Мемлекеттік тілді насихаттау акциясы
Бүгін 11-шілде күні Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы « Қоғамдық келісім» КММ Бурабай ауданындағы «Звездный континент» лагерінде мемлекеттік тілді насихаттау акциясын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету,ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы болуға тәрбиелеу. Мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықтарын ояту, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмге тәрбиелеу.