Қазақстан мен ТМД елдерінің энергетика ардагерлерінің ХІІІ республикалық құрылтайы өтті

Бүгін Бурабайда Қазақстан мен ТМД елдерінің энергетика ардагерлерінің ХІІІ республикалық құрылтайы өтті, оған біздің өңірден облыс ардагерлері кеңесінің төрағасы, Ақмола ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің мүшесі Ермек Бекенұлы Нұғыман қатысты.
Шараға қатысушыларға ҚЭА ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрпейісов Советхан Сейтқалиұлы және ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Сарпеков Азат Толкынұлы құттықтау сөз сөйледі.
Сондай-ақ, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан делегацияларының басшылары сөз сөйлеп, Қазақстан мен ТМД-ның энергетика саласын бүгінгі жағдайын және дамытудың негізгі бағыттарын талқылады.
Форумды ұйымдастыру және өткізу бойынша үлкен жұмысты «Көкшетау Энерго» ЖШС және оның басшысы Досымхан Әлішұлы Аралбаев атқарды.