Университет оқытушыларымен кездесу

Бүгін Ақмола облысы ІІБ жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің қызметкерлері қаламыздағы Ш. Уәлиханов атындағы, А. Мырзахметов атындағы университеттердің және Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі оқытушыларымен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінің және этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат бағытының негізгі аспектілері жеткізілді.
Этносаралық шиеленіске қатысты профилактикалық әңгіме, сондай-ақ аталған оқу орындарына талапкерлердің түсуі туралы мәселені қарау кезінде барлық этникалық топтардың өкілдеріне толеранттык және түсінушілікпен қарау жайлы айтылды.
Бөлімнің бас сарапшысы Е. Закирьянов әлеуметтік желілерде сепаратизмге, ксенофобияға шақыру сияқты деструктивті көріністерге жүргізілген мониторинг туралы баяндап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180 және 174-баптары бойынша жауапкершілікті түсіндірді.