Ерлік сабағы – Рахымжанның 100 жылдығын мерекелеудің басталуы

Биыл Халық қаhарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады. Оның фашизмді жеңуге қосқан үлесі баға жетпес, 1945 жылы 30 cәуірде ол бірінші болып рейхстагқа Жеңіс туын тіккен.
Батырдың туған ауылында жерлесіміздің «Ерлік сабағы – Рахымжанның 100 жылдығын мерекелеудің басталуы» мерекесі өтті.
Салтанатты шараға Ақмола ассамблеясының мүшелері, жастар, мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Жарылыкөл ауылдық округінің Аналар кеңесінің төрағасы Ақмамбетова Айнаш Бекбайқызы және кеңес мүшелері батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Біздің жерлесіміз-батырдың ерлігі қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі сақталады.