Достық үйінде «Игольница» тақырыбында шеберлік сағаты өтті
Достық үйінде Ақмола ассамблеясының сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен бискорню әдісімен «Игольница» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Елена Михайловна Тарасова өз тәжірибесіндегі шеберлік өнерімен бөлісті.
Бискорню – француз тілінен аударғанда «біртүрлі», «біркелкі емес», «пішінсіз», «қисық» деген мағынаны білдіреді. Бұл өнердің түрі Францияда жоғарғы таптың ойын-сауық ретінде пайда болған.