Білім мекемелерінде Аналар кеңестері құрылады
19 қазанда Көкшетау қаласы Ақмола ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Сейдалина Найля Ибрагимовна калалық білім бөлімінің басшысы Айгүл Бексұлтанқызы Нөгертаевамен және қаланың оқу орындарының директорларымен кездесті.
Іс-шара барысында Наиля Ибрагимовна қатысушыларды Аналар кеңесінің қоғамдағы рөлімен және қызметімен таныстырды.
Осы кездесудің қорытындысы Көкшетау қаласының білім бөлімі мен Ақмола ҚХА Көкшетау қаласының аналар кеңесі арасында Аналар кеңесін білім бөлімінің барлық мекемелерінде құру туралы келісімге қол қою болды. Жобаны іске асыру мерзімі де анықталды – ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін.