АТТ-ның Бурабай ауданына шығуы
Ағымдағы жылдың 10 тамызында Бурабай ауданының Зеленый бор ауылында Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының ақпараттық-түсіндіру тобының халықпен кездесуі өтті. АТТ құрамына ҚХАА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшылары кірді.
«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ермек Нұғыманов тыңдаушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың жаңа тұжырымдамасымен таныстырып, ҚХА өз қызметін қайта жаңғыртқанын атап өтті. Қазіргі уақытта оның мәдени-бұқаралық іс-шаралардан жұмысында ағартушылық қызметке, этносаралық коммуникацияларды дамытуға, біртұтас ұлтты қалыптастыруға, азаматтық құндылықтар мен патриотизмді ілгерілетуге, мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамытуға баса назар аударылды. Бұдан әрі облыстық Достық үйінің Ресурстық орталық және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық жобаларын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсе ретіндегі жұмысы туралы айтып берді.
Сөз сөйлеген этномәдени бірлестіктердің төрағалары Г.И. Яндиев, М.М.Қойшин, ҚХАА қоғамдық құрылымдарының басшылары А.С. Жазиева, М. Н. Мырзаханова өңірдегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды дамыту, балаларды тәрбиелеу, этносаралық қатынастар саласындағы даулар мен жанжалдарды шешудегі медиацияның рөлі туралы айтып берді.