Абай туралы оның тілінде айтылды
Ағымдағы жылдың 11 тамызында «Қоғамдық келісім» КММ-де Абай күніне арналған әдеби кеш өтті. Оған облыстық ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, «Ассамблея жастары» РҚБ Ақмола филиалының өкілдері қатысты.
Іс-шара әртүрлі этнос өкілдерінің Абайдың өлеңдерін үлкен шабытпен оқып, әндерін шырқағанымен есте қалды. Қазақ тілінде Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқаған Яна Дельдің өнерін тамашалады, ал Венера Хан Абайдың қара сөзін тамаша оқыды, Борисовский Роман, Эдгард Вицке және Ұлан Мирас қазақ күйлерін орындай отырып, домбырада шебер ойнады. Зал Абай өлеңдерін орыс, қазақ тілдерінде оқыған «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» Ақмола филиалы ұжымының сөзіне қошемет көрсетті.
Қазақ ақыны-ағартушысы жайлы Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныс «Дала өлкесінің казактар одағы» РҚБ Ақмола филиалының атаманы Иван Громов, АРСК төрағасының орынбасары Татьяна Кулыгина, Татьяна Король және басқалар жылы лебіздерін білдірді.
Іс- шараға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сабырхан Кенжебаев, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ермек Нұғыманов қатысып, сөз сөйледі.
Әдеби кеш барлық қатысушыларға жақсы әсер қалдырып, жылы, достық атмосферада өтті.
Ұлы ақынның шығармашылығын насихаттауға үлес қосқан белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.