Бурабай ауданындағы «Достық дәмі» фестивалі
Ағымдағы жылы «Қоғамдық келісім» КММ Облыстық өлкетану мұражайының қолдауымен Ақмола облысында тұратын қазақ халқы мен этностарының мәдениетін, рухани дәстүрлерін сақтау мен насихаттауға және мәдениетаралық дамытуға бағытталған «Достық дәмі» бірлескен жобасын іске асыруда.
Жобаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 10 тамызында Бурабай ауданының Зеленый бор ауылына алғашқы сапар болды. Мұнда конкурсқа ұлттық мәдениеттің элементтерін ұсынған кәріс этносының өкілдері жинақы тұрады. Бірақ қазақтармен бірге өмір сүрген жылдар ішінде олар жергілікті халықтың тілін, әдет-ғұрпын үйреніп білген, оны қонақтарға көрсетті.
Оларды «Шашу» қазақ дәстүрі бойынша қарсы алып, «Тұсаукесер» рәсімін өткізді, қазақ және кәріс тілдерінде әндер орындап, би биледі. Өз сөзінде «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ермек Нұғыманов Зеленый бор ауылында бұрынғы Щучье құс фабрикасының бас директоры Цой Николай Петрович туралы жылы лебізін білдірді, онда үлкен халықаралық ұжым тату жұмыс істеді. Содан кейін Бурабай ауданы ҚХАА қоғамдық құрылымдарының басшыларына облыстық Достық Үйінің Алғыс хаттарын табыс етті.
Қатысушылар алдында «Чинсон» облыстық кәріс орталығының төрайымы Ольга Лян, облыстық өлкетану мұражайының директоры Мырзабек Құдайберлі, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Өтелбай Төлеуұлы сөз сөйледі.
Ал фестиваль Абай күнін мерекелеумен тұспа-тұс келгендіктен, ұйымдастырушылар қонақтарға декоративті – қолданбалы өнердің үлкен көрмесін ұсынды, түрлі этностардың балалары Абай өлеңдерін оқыды, ұлы ақын-ағартушының портреті бар жұмыстардың эскиздерін көрсетті.
Фестиваль дастраханға шақырумен аяқталды, онда қонақтарға кәрістер мен қазақтардың ұлттық тағамдары ұсынылды.