Деструктивті діни ағымдардың жастарға зияны туралы
16 мамыр Достық үйінде Дін істер басқармасы жанындағы Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымдардың жастарға зиянды әсері» тақырыбындағы шара ұйымдастырылды. Мәжілісте орталықтың ақпараттық-насихат бөлімінің дінтанушы мамандары Сәния Манатова және Аягөз Тілектесова сөз сөйледі.
Этномәдени бірлестік төрағалары және «Ассамблея жастары» РҚБ Ақмола облысы өкілдігі мүшелері қатысқан профилактикалық жиынның мақсаты – діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, жастардың құқықтық және дінтану сауаттылығын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды сақтау, толеранттылық пен бейбітшілікке тәрбиелеу.