Облыс әкімі, Ақмола ҚХА төрағасы Е. Б. Маржықпаевтың Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары өкілдерімен кездесу
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Болашақ сарайында облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Е.Б. Маржықпаевтың Ақмола ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының өкілдерімен кездесуі өтті.
Іс-шара барысында Зеренді ауданы ақсақалдар кеңесі мен Ардагерлер кеңесінің төрағасы О. К. Бекишев, «Манас» этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы З. О. Жоробеков Ақмола ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары А. К. Жахина, патронаттық отбасының тәрбиеленушісі, Бұланды ауданы ПБ жедел уәкілі Г. В. Вездецкий, сондай-ақ «Мәміле» мемлекеттік тілді дамыту клубының қатысушысы Ю. Ю. Суровицкая сөз сөйледі.
Сөз алғандар Қазақстан халқының бірлігі мерекесі ұлтты біріктіруге, қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтауға бағытталған маңызды оқиға екенін, сондай-ақ, халықтың шоғырлануы мен бірлігі ауқымды қоғамдық-саяси өзгерістердің қазіргі жағдайында ерекше мәнге ие болатынын атап өтті.
Кездесу соңында облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті.