Іскер әйелдердің көп балалы аналармен кездесуі

А.ж. 14 ақпанында менторинг жобасын іске асыру аясында Іскер әйелдер қауымдастығы кәсіпкер әйелдердің облыстық Аналар кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті.

Менторинг-бұл бір адамның өзінің өміріндегі және мансабындағы өз білімімен, дағдыларымен және тәжірибесімен басқаларға көмектесу үшін бөлісетін көшбасшылық жүйе.

 

Ментор-топ жетекшісі, табысты кәсіпкер Светлана Серикова кәсіпкерлік саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті, көп балалы аналарға мансап құру, пайдалы қасиеттерді дамыту және бизнестегі типтік қателіктерден қалай аулақ болу керектігін айтты.

Оның сөзін Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері Динара Ілиясова, «Founder school» балалар көшбасшылығы мектебінің негізін қалаушы «Bereke bank» АҚ директоры Әсел Махмудова, «Ақай» Сән үйінің негізін қалаушысы Ғалия Алдабергенова, және басқалар толықтырды, олар да кәсіби қызметтің түрлі салаларында қол жеткізген білімдерімен, тәжірибелерімен және жетістіктерімен бөлісті.

Іскер әйелдердің облыстық Аналар кеңесінің активімен кездесуі көп балалы аналарға өздерінің еңбек мансабын ілгерілетуде пайдалы қасиеттер мен дағдыларды, мүмкіндіктер мен құзыреттерді дамытуға көмектеседі.