Халық жазушысы Ғ. Мүсіреповке 120 жыл
19 сәуір күні «Қоғамдық келісім» КММ қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай «Ғабит Мүсірепов: тұлға, талант, қырлары» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Оның есімі қазақ әдебиетінің шежіресінде М. Әуезов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров сынды тұлғалармен қатар тұр.
Кездесуге ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясыны курсанттары, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері шақырылды.
Іс-шараны ұйымдастырушы – «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ қолдау білдіруімен. Оның төрағасы Александр Артеменко аудиторияны Ғабит Мүсіреповпен таныстырып, оның жазушы ғана емес, көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері болғанын атап өтті.
Белгілі журналист, жазушы-аудармашы Ғосман Төлеғұл, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ мүшесі Бостангүл Ерманова Ғ.Мүсіреповпен болған кездесулері туралы естеліктерімен бөлісті. Ш.Уәлиханов атындағы КУ студенттері Ерболат Жарылқасын мен Ғайниза Болатбекқызы халық жазушысы, Социалистік Еңбек ерінің өмірі мен бай шығармашылық мұрасы туралы баяндама жасады. Спикерлердің сөз сөйлеуі слайд көрсетілімімен сүйемелденді.
Баяндамашылар атап өткендей, ұлы драматургтің шығармалары – белгілі бір оқиғалардың жай ғана көрінісі емес, жазушыны толғандырған адам тағдыры туралы ойлары. Кейде күрделі де орамды болып келетін Мүсірепов кейіпкерлерінің өмір жолдары тұтас халықтың тарихи даму жолын көрсетеді. Жазушы, драматург, сценарист ретінде Ғабит Мүсірепов ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті мен кинематографиясының тарихында елеулі із қалдырды. Оның «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Ұлпан» және т. б. шығармалары әлем әдебиетінің қазынасына еніп, автор есімін ғасырлар бойы тарихта қалдырды.
Аталған іс-шараның тағы бір жарқын қыры М. Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана ұсынған виртуалды кітап көрмесі болды, онда Ғ. Мүсіреповтың өмірбаяны, шығармалары туралы бейнематериал келтірілді.
Жалпы іс-шара танымды және мазмұнды өтті, қатысушылар спикерлерді үлкен қызығушылықпен тыңдады, , Ғ. М. Мүсірепов, оның әріптестері, отбасы, туған жері Есіл бойында түсірілген бірегей бейнежазба мен фотосуреттерді тамашалады.