Достық үйіне саяхат

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері А. Ж. 27 қаңтарда “Бірлік әртүрлілікте” атты шолу экскурсиясымен “Қоғамдық келісім” КММ-де болды.

Мұнда олар этномәдени бірлестіктер үшін ресурстық, мәдени және әдістемелік орталық бола отырып, қазақстандық қоғамдағы бірлікті, этносаралық келісімді нығайту мәселелерімен, Ақмола облысында тұратын этностардың тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін дамытуға бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізумен айналысатын облыстық Достық үйінің қызметімен тереңірек танысты.

Тыңдаушылар ҚХАА мүшелерінің, ЭМБ көркемдік ұжымдарының қатысуымен концерттер, дөңгелек үстелдер, дайындық жұмыстары, конференциялар өтетін этномәдени бірлестіктердің кабинеттеріне, хореографиялық, көрермендер және конференц залдарын тамашалады.

Жастар қауымына   түрлі  этностардың ұлттық киімдері, музыкалық аспаптары, тұрмыстық заттары ұсынылған  “Орыс қауымы” ҚБ, “Бари” армян мәдени орталығы” ҚБ, “Өзбек ұлттық-мәдени орталығы” ҚБ, “Чинсон” корей орталығы” ҚБ  және  өзге  де  кабинеттердің  ішкі жабдықтарымен танысу аса  қызықты болды.