ҚХАА ғылыми-сараптама тобының отырысы

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында “Қоғамдық келісім” КММ-де Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптама тобының отырысы өтті. Ғылыми сараптама тобының  құрамында 17 адам атап айтсақ, саясаттанушылар, тарихшылар, лингвистер, тіл мамандары, заңгерлер бар. Ғалымдар облыстық Ассамблеяны өңірде болып жатқан этносаяси процестерге ғылыми-сараптамалық бағалауды қамтитын ақпаратпен және материалдармен қамтамасыз етеді, мемлекеттік ұлттық саясатты дамытудың негізгі бағыттары бойынша консультациялар береді.

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қапышев Ардақ Қайыржанұлы, ҚХАА қоғамдық құрылымының жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Жұмыс шынымен де ауқымды болды, ғылыми сараптама топ  мүшелері ағымдағы жылы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған жастармен мемлекеттік тілді дамыту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында 15 түрлі форматтағы іс-шаралар ғылыми конференциялар, семинарлар, диалогтық алаңдар, дәрістер, кездесулер өткізді.

 Ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің өздері этносаралық қатынастар саласындағы республикалық жобаларды іске асыруға белсенді қатысады. Мәселен, 2019 жылы Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған республикалық ғылыми жобалар байқауының бас жүлдесін Көкшетау университетінің профессоры, психология ғылымдарының докторы А.Х. Кукубаева жеңіп алды.

 

 Сонымен  қатар, ҒСТ мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне арналған жобаларды іске асыруға оқушылар мен студент жастарды белсенді түрде тартады.

 

 Осы жылдың желтоқсан айында  ғылыми-сараптамалық топ ұйымдастырған “Мен- Қазақстандықпын!” бейнероликтер байқауының бас жүлдесін Сандықтау орта мектебінің оқушысы Горбачева Анастасия, жүлделі бірінші орынды Көкшетау қаласының Назарбаев мектебінің оқушысы Рахметулин Адият жеңіп алды. Байқауға қатысушылар барлығы 49 эссе мен 15 әлеуметтік бейнеролик ұсынды.

Жыл қорытындысы бойынша жемісті жұмысы үшін “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Е.Б. Нұғыманов қоғамдық құрылым белсенділеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

 

Дөңгелек үстелге қатысушылар ғылыми-сараптамалық топтың келесі жылға арналған жұмыс жоспарын талқылап, қабылдады.