«Бір шаңырақ астында-биік мақсаттарға» жобасы
Қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Бір шаңырақ астында-биік мақсаттарға» жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастырудың негізі ретінде қазақ халқының тарихын, мәдениетін, этикасын халық арасында танымал ету, Қазақстан этностары арасында ілгерілету.
Әлеуметтік желілерде бейнематериалды орналастыруды көздеген жобаға Ақмола облысының 17 ауданы мен қаласы қатысты.
Бейнероликтерде Ақмола облысының киелі орындары мен рухани жәдігерлері, қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық қазақ киімдері, тағамдар мен тұрмыс-салты, сондай-ақ қазақтың музыкалық аспаптары, ұлттық ойындар, қолмен жұмыс жасау бойынша мастер-класс сабақтары көрсетілген.Комиссияның құзыретті мүшелері желтоқсан айында қорытынды шығарды.
Барлық кезеңдер бойынша бас жүлдені Степногорск қаласы жеңіп алды, 1 орын – Бурабай ауданы, 2 орын – Ерейментау ауданы,3 орын – Целиноград ауданы, ал көрермендер көзайымы сыйлығы – Зеренді ауданы.