Жолдауды талқылады
3 қыркүйекте «Қоғамдық келісім» КММ-де ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Оған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері, Көкшетау қаласының жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
ҚХАА мүшелері – «Санги-Кабуд» Тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы У.Ф. Шоназаров, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы М. К. Қиықов, «Лад» славян қозғалысы» РҚБ төрағасы М. Б. Крамаренко Жолдаудың негізгі ережелеріне түсіндірме берді.
Талқылау барысында дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасып, Жолдауды жүзеге асыру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Дөңгелек үстел барысында этносаралық келісімді, Қазақстан халқының бірлігін нығайту, ел үшін қажетті мамандарды даярлау, мемлекеттік тілді үйрену, ұлт денсаулығын нығайту, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру сияқты тезистер айтылды.