Этномәдени бірлестік туралы мәлімет
Атауы: «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі
Тарихи анықтама: Қоғамдық бірлестік 2014 жылдың 22 қаңтарында құрылды.
Төрайымы: Мащинская Елена Ивановна. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары: бірлестік Ақмола облысында тұратын чуваштар туралы деректер жинау бойынша жұмыс жүргізуде. Е.И. Мащинская жаңа заң жобаларын түсіндіріп, қала тұрғындарымен кездесулер өткізеді, облыстағы оқиғалар туралы әңгімелейді, ақпараттық-насихаттық топтар құрамында Президент жолдауын, қазақстанның «Ел бірлігі» доктринасын насихаттау және түсіндіру бойынша үлкен жұмыс жүргізеді.Қаланың және облыстың қоғамдық-саяси қызметіне белсенді қатысады, жыл сайын кәсіби Аспаздық іс-шараларға қатысады, халықаралық деңгейде қазақ халқының ұлттық тағамдарын насихаттайды -бұл да өз еліне деген патриотизм мен адалдықтың, құрметтің белгісі.
Ресурстық базасы: жастар қанаты құрылып, «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінде чуваш тілін үйрену сыныбы ашылды. Чуваш этносының көрнекті қайраткерлерінің портреттік кештері өткізіледі. Орталық белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ өткізетін іс-шараларға үнемі қатысады, орталық ашылған күннен бастап халықтың түрлі топтарына қайырымдылық көмек көрсетумен айналысады.
Негізгі жобалары: кулинарлар қауымдастығы жанында саңырау және есту қабілеті бұзылған балаларды аспаздық іс бойынша оқыту курстарын құру идеясының авторы болып табылады.
Жетістіктері: «Ұлттық Отандық аспаздықты дамытуға қосқан зор үлесі,оның халықаралық деңгейде таралуына және беделін арттыруға жәрдемдескені үшін» әлемге әйгілі vatel институтының (Франция) дипломы түріндегі халықаралық марапатқа ие. «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдары, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қолы қойылған Астананың 10 жылдығына арналған медаль, «Шапағат» медалі, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі, «Іске адалдығы үшін» медалі, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік наградасымен марапатталған.
Байланыс ақпараты: Көкшетау қ., Момыш-ұлы көшесі 62-үй, 90-пәтер, 8-701-533-85-30