«Бір шаңырақ астында-биік мақсаттарға» жобасының ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған

Қазақстан халқы Ассамблеясының«Қазақтану» мәдени-ағартужобасы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасыніске асыру аясындағы

«Бір шаңырақ астында-биік мақсаттарға» жобасының

ЕРЕЖЕСІ

Жоба жетекшісі: Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ

Жобаға қатысушылар: Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің одағы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы  Аналар кеңесі, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігі, Ақмола облысының жоғарғы, орта және арнайы білім беру мекемелері,аудандық  және қалалық ішкі саясат бөлімдері

Жобаның бағыты:«Бір шаңырақ астында – биік мақсаттарға» жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» және жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында Қазақстан халқының ортақ құндылықтарын қалыптастыруға және шоғырландыруға бағытталған.

Жобаның мақсаты:

Ақмола облысы тұрғындарының қоғамдық санасына қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарын енгізу, азаматтық принциптерге негізделген қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін одан әрі жетілдіру

– XXI ғасырдың сын-қатерлеріне қарсы тұра алатын жалпы ұлттық кодымыз мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының ең жақсы қасиеттері  қонақжайлылығын, көзқарасының кеңдігін, кең пейілін дәріптеу

– ұлттың тарихын, ғасырлар бойы қалыптасып дамыған салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тілімізді насихаттау арқылы, жаһандануға қарсы тұратын ұлттық имунитетті қалыптастыру

– халықтың ұлттық бірегейлігін және құндылықтарын бекемдеу, жат идеологияға төтеп беретін қалқанды нығайту.

Жобаның міндеттері:

– Облыс тұрғындарына қазақ  халқының бай мәдениетін, тарихы мен салт-дәстүрін көрсету;

– туған жеріне, өсіп-өнген ортасына ұқыпты қарауға тарту және тәрбиелеу;

– туған жерінің мәдениеті мен салт-дәстүрінің өркендеуіне айрықша іңкәрлікпен атсалысуға тарту;

– облысымыздың  киелі орындарын кеңінен насихаттау;

– түрлі этникалық топтар өкілдерінің қазақтардың тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін қалыптастыру;

– жастарды қазақ халқының құндылықтарын тарату, енгізу және қабылдау процесіне белсенді тарту;

– облыс этностарын қазақ халқының құндылықтарын қабылдауы мен рухани игеруі арқылы  топтастыру;

– қазақ халқының бүкіл тарихи бойында және қазіргі заман жағдайында  мәдениетінің, қағидаттары мен өмір сүру формаларының бірегей әралуандығына жаңа синтетикалық көзқарасты тұжырымдау;

Жобаның   мәні: Қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы

Жобаның типі: Ақпараттық.

Қатысушылар саны бойынша: топтық.

Ұзақтығы бойынша: ұзақ мерзімді.

Жабдықтандыру:

стильдендірілген киіз үй (шағын мұражай);

видеоальбомдар;

кітапхана, аудио, видео жүйелер, фотоаппарат, компьютер, музыкалық аппаратура, дрон;

– қазақтың ұлттық киім үлгілері, әшекей бұйымдары, ыдыс-аяқтары

Жобаны іске асыру

Жоба 10 кезеңнен тұрады.

Іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан айлары.

Жобаның басталуы: Тұсаукесер.

2021 жылдың қаңтар айында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының фейсбук әлеуметтік  парақшасында жәнеАқмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ddakmo.kz сайтында «Бір шаңырақ астында – биік мақсаттарға»тақырыбындағы жоба жарияланып, тұсаукесері жүргізіледі. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының фейсбук әлеуметтік  парақшасында жоба

#ҚХААқмола

#Біршаңырақ

#Биікмақсаттар

#Қазақтану

#Руханижаңғыру

#Тәуелсіз ел

#30 жыл

#Мәңгілік ел

#Туған жерім

#Бақытты ел хэштегімен жарияланады.

 

1-кезең. Қазақ халқының салт-дәстүрі

Іске асыру мерзімі: ақпан айы.

Әрбір ауданның «Аналар кеңесі» видеожазба арқылы әлеуметтік желіде #Тәуелсіздік #30жыл #ҚХАсалтдәстүр #қазақтану# руханижаңғыру хэштегімен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының фейсбук әлеуметтік  парақшасын  белгілеп аудандық ресми фейсбук парақшаларында төменде тізілген қазақ халқының салт –дәстүрлерін жариялап насихаттауы тиіс.

 

2-кезең.  Қазақтың ұлттық киімдері

Іске асыру мерзімі: 2021 жылдың 3 наурызы

Өткізілу орны: Көкшетау қаласы

«Этноfashion» ұлттық сән киімдерінің көрсетілімі. Әр аудан 3  сән үлгісін көрсетуі тиіс. Ару қыздар ұлттық нақыштағы қазақ киім үлгілерін, әшекей  бұйымдарын подиумда ұсынады. Ұлттық киімдегі ер азамат аруларды подиумға құрметпен шығаруға рұқсат беріледі. Қазақтың ұлттық киім үлгілерінің тарихы насихатталады.

Іс – шара облыстық көлемде ұйымдастырылады.

#Тәуелсіздік #30жыл# ҚХАэтнокиім# ҚХААқмола# ҚХАқазақаруы #қазақтану #руханижаңғыру хэштегімен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының фейсбук әлеуметтік желісінде «Этноfashion» видеоролигі жарияланады.

 

3-кезең.  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сәндік-қолданбалы өнер шеберлерлерінің тартуы (сыйы)

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының  мүшелері мен Аналар кеңесінің өкілдерінің қатысуымен  «Қазақстан картасы» макетін құрастыруы қажет.

Құрастырылу мерзімі: 29.01.2021- 01.05.2021

Жұмыс нәтижесі 1 мамыр  күні Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының фейсбук әлеуметтік желісінде #Тәуелсіздік #30жыл #ҚХАнаурыз #ҚХААқмола

#ҚХАҚазақстанкартасы #қазақтану хэштегімен жарияланады

4-кезең. Қазақтың тұрмыс-тіршілігі мен ұлттық тағамдарын насихаттау

Іске асыру мерзімі: 2021 жылдың 22 наурызынан 1 мамырға дейін

Қазақтың тұрмыс-тіршілігі мен ұлттық тағам түрлерін насихаттаудыәр аудан және қалалардың этномәдени бірлестіктері жүргізуі тиіс.

Төмендегі тізімде көрсетілген ұлттық тағам  түрлері насихатталған видеороликтерді Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының фейсбук әлеуметтік  парақшасын және #ҚХАнаурыз #ҚХААқмола #ұлттықтағам #қазақтану

#Тәуелсіздікке30жыл хэштегін белгілеп, өз әлеуметтік желілерінде жариялап отыруы қажет.

Ұлттық тағамдар тізімі

Ұннан жасалған тағамдар

1.1 Бауырсақ, таба нан, май шелпек

2 . Дақылдардан жасалатын тағамдар

2.1 Талқан

2.2 Бидай көже

2.3 Жент

Сүт тағамдары

3.1 Айран

3.2 Қатық

3.3 Қымыз

3.4 Қаймақ

3.5 Құрт

3.6 Сүзбе

3.7 Ірімшік

3.8 Сары май

Ет тағамдары

4.1 Қазақ еті  (жал-жая, қазы-қарта, шұжық)

4.2 Сорпа

4.3 Сүр

4.4 Қарын бөртпе

4.5 Ми палау

4.6 Құйрық-бауыр

4.7 Қуырдақ

4.8 Сірне

4.9 Борша

4.10 Салма

5 кезең. Ақмола облысының киелі жерлерін және рухани  жәдігерлерін насихаттау

Іске асыру мерзімі: 2021 жылдың 1 мамырынан 30 тамызға дейін

Ақмола облысы мәдениет архивтер және құжаттамалар басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ, облыстық, қалалық, аудандық мұражайлардың келісімімен Ақмола облысының киелі жерлері  мен рухани  жәдігерлеріне саяхат жасау қажет.

Жоба аясындағы Ақмола облысына қарасты киелі жерлерге, мұражайларға  жасалатын саяхаттараға буын мен өскелең ұрпақ арасындағы  сабақтастықты нығайтуға, рухани құндылықтар мен қазақстандық патриотизмді  дәріптеуге бағытталуы қажет.

Әр саяхат барысында 3D форматты видеолар әзірленіп Тәуелсіздік# 30жыл# ҚХААқмола #ҚХАкиеліжерлер #ҚХАруханижәдігер #қазақтану хэштегімен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының фейсбук әлеуметтік  парақшасында және аудандық әлеуметтік желілерде  жарияланып отыруы тиіс.

 

6 кезең. «Біз әртүрліміз, бірақ біз біргеміз!» тақырыбында сән үлгісінің  онлайн көрсетілімі

Іске асыру мерзімі: 2021 жылдың 1 маусым  айынан 1 тамыз айына дейін

Әр аудан онлайн форматында ұйымдастырылатын сән көрсетілімінде этнос өкілдерінің ұлттық киім үлгілерін ұсынуы тиіс.

Бұл кезеңде  Ақмола облысының ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы, татулығы насихаттау арқылы, ұлттық киім үлгілерінің қысқаша сипаттамалары беріліп, әлеуметтік желі оқырмандарының қызығушылығын, назарын жобаға аудару мақсатындасауалнама форматындағы  посттары да ұйымдастырылуы қажет.

Тәуелсіздік #30жыл #ҚХААқмола #ҚХАсәнүлілері #ҚХАбізәртүрліміз #ҚХАбізбіргеміз хэштегімен ақпарат Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының фейсбук әлеуметтік  парақшасында жарияланып отыруы тиіс.

7-кезең. Қазақтың ұлттық спорт,ойын –сауық, тұрмыс-салт ойындарын насихаттау .

Іске асыру мерзімі: 2021 жылдың 1 тамызынан 1 қазанға дейін

Бұл кезеңде ұлтымыздың құнды мұрасыата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы, ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі насихатталуы қажет.

#Тәуелсіздік# 30жыл #ҚХААқмола #ҚХАұлттықойындар #қазақтану #руханижаңғыру хэштегімен ақпарат Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының фейсбук әлеуметтік  парақшасында, әр ауданның ойын түрлерін насихаттаған  видеожазбасы арқылы жарияланып отыруы тиіс.

  • Асық ойындары
  • Алтыбақан
  • Аударыспақ
  • Арқан тартыс
  • Ақ сүйек
  • Бастаңғы
  • Білектесу
  • Беташар
  • Жамбы ату
  • Жар-жар (ойын-сауық)
  • Көкпар
  • Қыз қуу
  • Қыз кәде
  • Тоғызқұмалақ
  • Теңге алу
  • Тоқымқағар
  • Бастаңғы
  • Ақсүйек
  • Бест тас
  • Қазақ күресі

8-кезең. Қазақтың музыкалық аспаптарын насихаттау

Іске асыру мерзімі: 2021 жылдың 1 қазан айынан  1 қараша айына дейін

Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым музыкалық аспаптарын жасаған. Еліміздің әртүрлі музейлерінің қорларында 400-ден астам көне музыкалық аспаптары сақтаулы. Олардың 100-ге жетер-жетпесі ғана ұрпақ жадында жатталып, музыкалық орындаушылықта орындалып келеді.

8-ші кезеңде қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарының тарихына тоқталып, орындаудағы әуені әлеуметтік желі оқырмандары назарларына  ұсынылуы қажет.

#Тәуелсіздік #30жыл #ҚХААқмола #ҚХАұлттыөнер #ҚХАмузыкалықаспаптар #қазақтану #руханижаңғыру хэштегімен ақпарат Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының фейсбук әлеуметтік  парақшасында  жариялануы тиіс.

  • Домбыра
  • Шертер
  • Қылқобыз
  • Жетіген
  • Адырна
  • Сыбызғы
  • Сазсырнай
  • Шаңқобыз
  • Тұяқтас
  • Аса таяқ
  • Дабыл
  • Дауылпаз
  • Желбуаз

9-кезең. Шебердің қолы ортақ

Іске асыру мерзімі: 2021 жылдың қараша айы

Қыз-келіншектерге, көп балалы аналарға арналған мастер –класс өткізіп, шеберлік сабақтарында қолөнер туындыларын, әшекей-бұйымдарын жасау әдістерін үйрету қажет.

Шеберлік сабақтары #ҚХААқмола #Тәуелсіздік #30жыл #ҚХАқолөнер #қазақтану# руханижаңғыру хэштегімен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының фейсбук әлеуметтік  парақшасында ай көлемінде жариялануы тиіс.

 

10-кезең. Қорытынды кезең. Марапаттау рәсімі.

Іске асыру мерзімі: 2021 жылдың желтоқсан айы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында –биік мақсаттарға» жобасының қорытынды іс- шарасы.

#ҚХААқмола

#Біршаңырақ

#Биікмақсаттар

#Қазақтану

#Руханижаңғыру

#Біз біргеміз

#30 жыл

#Тәуелсіз ел

#Менің елім

#Мәңгілік ел

#Туған жерім

#Бақытты ел

#Марапаттау хэштегімен қорытынды ақпарат Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының фейсбук әлеуметтік  парақшасында жарияланады.

Электрондық пошта: kmo-314@mail.ru

Байланыс телефоны: 8(716327)22859

Ұялы телефондар:

87789393670-  «Қоғамдық келісім»  КММ жобаларды іске асыру бөлімінің басшысы Жанбатырова Айгүл Бейсембайқызы

87718179151 -«Қоғамдық келісім»  КММ жобаларды іске асыру бөлімінің маманы Айдосова Бақытжан Досымбекқызы

87075556307 -«Қоғамдық келісім»  КММ жобаларды іске асыру бөлімінің маманы Какпенова Динара Тасыбайқызы.