«Шаңырақ» тілдерді оқыту клубы туралы ереже
«Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының
«Шаңырақ» тілдерді оқыту клубы туралы
ереже
1.1 «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубына – Қазақстан халқының тілдерін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін оқып, үйренуге мүмкіндік ашуға негізделген ана тілін меңгеру бойынша үйірмелер кіреді.
1.2 Клуб өз қызметін «Білім туралы» заңға, «Тіл туралы» заңға, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының жарғысына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
1.3 Білім беру мазмұны педагогтер әзірлеген және «Әулет» МТЖО директоры бекіткен оқу бағдарламаларымен анықталады.
1.4 Ана тілін үйрену үйірмелерінде оқыту педагогтың интеллектіні, жалпы оқу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін, оқушылардың жеке қабілетіне және олардың дамуына бағытталған оқыту технологияларын, әдістемелерін, құралдарын, нысандары мен әдістерін педагогикалық негізделген таңдауына құрылады.
1.5 Тәрбие жұмысы білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, өзара сыйластық пен ынтымақтастық қағидаттарында жүргізіледі.
2. Клубтың негізгі мақсаттары мен міндеттері
Клубтың негізгі мақсаты – Қазақстан халқы этностарының мәдени мұрасын зерттеу арқылы жаңа қазақстандық патриотизмге, жоғары моральдық және адамгершілік қасиеттеріне ие көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру.
Клубтың негізгі міндеттеріне жатады:
- мемлекеттік тілді насихаттау;
- ана тілі мен этникалық мәдениетті дамыту;
- Қазақстан халқының достығы мен бірлігін нығайту;
- Қазақстан халқының мәдени байлығына ұқыпты және құрметпен қарауға тәрбиелеу;
- жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;
- оқушылардың коммуникативтік және этномәдени құзыреттілігін дамыту.
3. Қабылдау тәртібі мен шарттары
3.1 Клубта ана тілдерін үйрену бойынша үйірмелерді жинақтау Көкшетау қаласындағы этномәдени орталықтардың болуымен және Қазақстан халқының этностары балаларының сұранысымен анықталады.
3.2 Клубтың ана тілдерін оқыту үйірмелеріне өтініштер қабылдау туралы хабарландыру оқу сабақтары басталғанға дейін бір ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
3.3 Клубқа әңгімелесуден өтетін 6-18 жас аралығындағы балалар қабылданады, оның мақсаты – тілді меңгеру дәрежесін, баланың ықыласын, қабілеті мен қажеттілігін анықтау.
3.4 Балаларды үйірмелерге қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1119 қаулысымен, Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № а-13/624 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет стандарты негізінде жүргізіледі.
4. Клуб тәртібі және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
4.1 Клуб құрылымы қазақ, орыс, неміс, поляк, армян, корей және чуваш тілдерін үйрену үйірмелерінен тұрады. Әр үйірмеде 2 әртүрлі жастағы: бастаушы және жалғастырушы топтар бар.
4.2 Әр үйірменің Көкшетау қаласының Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ ұсынған және оқу-әдістемелік әдебиетпен, аудио және бейнетехникамен жабдықталған оқу кабинеті бар.
4.3 Клубтың оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру сабақ кестесімен реттеледі, онда барлық қызмет келесі білім беру салалары бойынша ұсынылған:
– тілдік пәндер;
– елтану (Қазақстан халқы этностарының географиясы, тарихы, дәстүрлері мен мәдениеті).
4.4 Оқу сабақтары апта сайын жексенбі күндері сағат 11.00-ден 14.50-ге дейін өткізіледі. Жұмыс тәртібі санитариялық-гигиеналық нормаларды ескере отырып, топтар бойынша әрбір бөлімшеде жеке анықталады.
4.5 Оқу жылы 36-38 аптаны құрайды.
4.6 Оқу сабақтары 1 қыркүйекте басталады және 1 маусымда аяқталады.
4.7 сабақтардың академиялық сағат ұзақтығы 45 минутты құрайды.
4.8 Клубтағы оқу топтарының толымдылығы 10-12 адам санымен белгіленеді. Саны аз этникалық топтарда 3-5 адамнан тұратын білім алушылар саны рұқсат етіледі.
5. Клубты басқару
5.1 Клубты басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің 2013 жылғы 14 маусымдағы №228 үлгілік қағидаларына және «Әулет» МТЖО Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
Клубты басқару алқалық қағидаттарында жүзеге асырылады. Алқалы басқару нысаны педагогикалық кеңес болып табылады.Клубты тікелей басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылтайшы тағайындайтын басшы жүзеге асырады.
5.2 Клуб педагогтарының құқықтары мен міндеттері «Әулет» МТЖО Жарғысымен, ішкі тәртіп ережелерімен және лауазымдық нұсқаулықтармен анықталады.
6. Клуб қызметін қаржы-шаруашылық және құқықтық қамтамасыз ету
6.1 Клубты қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1400 Қаулысы № 20 Қосымшасында бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде оқу сабақтарын өткізуге тартылатын қызметкерлердің еңбегіне сағаттық ақы төлеу» тарификациясына және 15.05.2007 ж. ҚР Еңбек Кодексінің 123-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Клуб педагогтарына арналған ішкі еңбек тәртібінің ережесі
7.1 Педагогтар жұмысқа сабақ басталғанға дейін кемінде 15 минут бұрын келуі тиіс.
7.2 Педагог өз жұмысын жеке еңбек шартымен анықталған оқыту жүктемесімен, осы Ережемен және «Әулет» МТЖО директорымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізеді. Әкімшілікпен келісілмеген кестені өзгертуге тыйым салынады.
7.3 Сабақ өткізудің мүмкін еместігі туралы педагог клуб басшысын алдын ала ескертуге міндетті.
8. Халықаралық қызмет
8.1 Клубпен халықаралық ынтымақтастық жасау ҚР заңнамасы және халықаралық шарттар, келісімдер, конвенциялар негізінде жүзеге асырылады.
8.2 Клуб өз жұмысының ерекшелігіне сәйкес шетелдік білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен тікелей байланыс орнатуға, ынтымақтастық туралы көпжақты шарттар орнатуға құқылы.