ҚХАА медиация институтын дамыту бойынша қызметі туралы ақпарат
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы тұрақты түрде қоғамдық медиаторлар институтын құру және оны жетілдіру бойынша жүйелі жұмысты жүргізеді. Сондай-ақ әлеуметтік шиеленістерді алдын ала реттеуде кәсіби медиацияны дамытуға көп көңіл бөлінеді.
Облыста 116 медиация кабинеті жұмыс істейді. ҚХАА-мен әрекет ететін 12 кәсіби және 75 кәсіби емес медиатор қызмет етеді.
2019 жылдың басынан бастап кәсіби және кәсіби емес медиаторлар азаматтарға отбасылық-тұрмыстық, мүліктік және еңбек салаларындағы мәселелерді шешу бойынша 1200-ге жуық кеңес берді.
Көмекке жүгінген азаматтардың негізгі сұрақтары: мүліктік, отбасылық-тұрмыстық, еңбек ісіндегі даулар.
Көмекке жүгінушілердің құрамы: жұмысшылар, қызметкерлер, зейнеткерлер, 29 бен 60 жас аралығындағы кәсіпкерлер, осының өзі медиация институты қоғамның барлық санаты мен жас тобы арасында кездесетін дауларды шешудің баламалы жолы екендігін көрсетеді.
Көкшетау қаласының «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің қоғамдық қабылдауында 2 кәсіби медиатор Диковенко Дмитрий Николаевич, Ойнарова Гульмира Умытбековна және 1 кәсіби емес (халықтық) медиатор ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Қиықова Зере Еспайқызы өз жұмысын жүргізеді. (87162) 72-31-71 сенім телефоны жұмыс жасайды. Келу кестесіне сәйкес тегін заңгерлік және психологиялық кеңестер беріледі. (8 716 2) 723171 сенім телефоны жұмыс жасайды.
Айта кету керек, 2018 жылы Ақмола облысы ҚХА-ның «Үздік медиация кабинеті» және «Үздік медиатор» республикалық байқауларына қатысып, оның қорытындысы бойынша Сыздықова Ғайша Ибрагимқызы 2 орынға ие болып, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Л. А. Прокопенконың мақтау қағазымен марапатталды.
«Қоғамдық келісім» КММ Ақмола облыстық сотымен бірлесіп татуластыру рәсімдерін дамыту мақсатында, мекеме сайтында – «Медиаторға өтінім» қосымша бетін әзірледі, оның көмегімен үйден шықпай-ақ кәсіби медиатордан кеңес алуға «онлайн» режимінде өтінім беруге болады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы халық бірлігін нығайтуда, мемлекет ішінде бейбітшілік пен келісімді сақтауда үлкен рөл атқарады. Іс жүргізу тұрғысынан медиация этносаралық қатынастар саласында да, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА – Қоғамдық келісім кеңестері мен Аналар кеңестері сынды құрылымдары арқылы да жұмыс істей бастады.
2019 жылда Ақмола облысының ҚХА жанындағы Аналар кеңесі және Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соты бірлескен қызмет туралы жасалған меморандум шеңберінде медиация институтын дамыту бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді.
2019 жылдың 15 маусымында «Бақытты шаңырақ – қуатты мемлекет» атты Аналар кеңесінің облыстық форумында Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Жұматова Айсұлу Өмірсерікқызы «Қазақстан Республикасында отбасылық соттар құру туралы» тақырыбында баяндама жасады.
Медиация институтын әлеуметтік және құқықтық жанжалдардың алдын алу, шешу, халық арасында дауларды сотқа дейін реттеу тетігі ретінде дамыту және танымал ету мақсатында облыс аудандарында кездесулер, дөңгелек үстелдер, «Ашық есік күндері», кеңестер беру және т. б. шаралар өткізіледі.
Медиация институтын әлеуметтік және құқықтық жанжалдардың алдын алу, шешу, халық арасында дауларды сотқа дейін реттеу тетігі ретінде дамыту және танымал ету мақсатында облыстың аудандары мен қалаларында түрлі кездесулер, дөңгелек үстелдер, «Ашық есік күндері», консультациялар және басқа да іс-шаралар өткізілді. Жалпы 2019 жылы Ақмола облысында медиация саласында 2800 адамды қамтитын 160 іс-шара өткізілді.
2019ж. 5 тамызы Республикалық бірыңғай медиация күні аясында кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен достық орталықтарында, қалалық және аудандық маңызы бар әкімдікте Медиация кабинеттерінің ашық есік күні ұйымдастырылды. Ақмола облысында 57 іс-шара өткізілді, оның ішінде 49 Медиация кабинеттерінде, 10 кәсіби және 143 кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен. Көмекке жүгінген азамат саны – 171 адам. Сондай-ақ Республикалық бірыңғай медиация күні аясында жедел сұрақ (сауалнама) өткізіліп, оған 298 адам қатысты.
2019 жылдың есепті кезеңінде ұлтаралық мәселелер бойынша Ақмола ҚХА медиация кабинеттеріне сұрақтар келіп түскен жоқ, бұл этникалық топтар құқының бұзылу жағдайлары жоқ екенін дәлелдейді және облыстағы ұлтаралық қарым-қатынастардың тұрақты екендігін көрсетеді.