«Пушкин балы» өтті
А.ж. 25 қазаны күні «Қоғамдық келісім» КММ-де орыс ақыны А.С. Пушкиннің туғанына – 220 жыл толуына орай іс-шара өтті.
Ұйымдастырушылар – «Орыс қауымы» ҚБ мен гуманитарлық-техникалық лицей. Олар бұл оқиғаны көрермендерге лицей оқушыларының қатысуымен «Пушкин балы» атты тетрландырылған көріністі ұсына отырып, өзгеше атап өтті.
Көркемөнер әртістері көрерменді ақынның шығармашылығы мен өмірімен байланысты XIX ғасырдың бірінші жартысына, өз заманының ерекшеліктерін бойына сіңіріп ғұмыр кешіп, шығарма жазған кезеңге ауыстырады. Театр қойылымы арқылы лицейшілер сол уақыттың тынысын жеткізуге тырысты. Олар «Евгений Онегин» романынан үзінді оқыды, ақынның белгілі өлеңдеріне жазылған романстарды орындады.
Осы күні қала жұртшылығы Пушкиннің шығармашылығына тағы бір мәрте көз жүгіртіп, «өнерімен сезімге бөлеген» ұлы ақынды еске алды.