ҚХАА жанындағы облыстық Қоғамдық келісім Кеңесінің ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан халқы Ақмола
ассамблеясы Кеңесінің шешімімен
2016 жылдың «7» маусымы
Бекітілді
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы
облыстық Қоғамдық келісім Кеңесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ереже
1. Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының консультативті – кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
3. Кеңесте ардагерлер, аналар, жастар істері бойынша кеңестердің, шығармашылық одақтардың, сондай-ақ Қазақстан халық Ассамблеясы өкілдерінің міндетті өкілдігі есепке ала отыра Кеңес құрамы қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан қалыптастырылады.
Кеңес құрамы Қазақстан халқы Ақмола ассамблея Кеңесінде бекітіледі.
4. Кеңес төрағасын Кеңес мүшелері оның жиналысында сайланады. Кеңес төрағасы беделді қоғамдық қайраткер немесе белсенді қоғамдық-саяси ұстанымы бар тұлға сайлануы мүмкін.
Кеңес төрағасы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Кеңесінің құрамына кіреді.
2. Кеңестің міндеттері мен функциялары
5. Кеңестің негізгі міндеті – қоғамда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында азаматтық қоғам институттарының, саяси және үкіметтік емес ұйымдардың, басқа бірлестіктердің басын бір арнаға біріктіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асырудың және Жаңа Қазақстандық Патриотизмді тәрбиелеудің біртұтас тәсілдерін әзірлеу.
6. Кеңес келесі функцияларды орындайды:
1) қалыптасқан жағдайды саралау, сондай-ақ өңірде әлеуметтік және басқа да шиеленістерді болдырмау және шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
2) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөнінде, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
3) Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған азаматтық қатысуды, қоғамдық бастамаларды, әлеуметтік маңызды жобаларды және бағдарламаларды қолдау және дамыту;
4) ардагерлер, кәсіподақ, жастар бірлестіктерін және басқа да қоғамдық ұйымдарды қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттауға және іске асыруға тарту;
5) әлеуметтік мәселелерді болдырмауға және алдын алуға, келіспеушіліктер мен жанжалдарды реттеу, әлеуметтік шиеленіс ошақтарының туындауына мүмкіндік беретін жағдайларға жол бермеу жөнінде тәжірибелік іс-шараларды іске асыруға қатысу;
6) жергілікті жерлерде қайырымдылық, медиация және қоғамдық бақылауды дамытуға көмектесу.
3. Кеңестің өкілеттіктері
7. Мемлекеттік комиссия өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік органдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
2) Кеңес отырыстарында Кеңес құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;
3) Кеңес құзыретіне жатқызылған нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында жұмыс топтарын және комиссиялар құруға;
4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
4. Кеңес қызметін ұйымдастыру
8. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен жиілетпей өткізіледі.
9. Кеңес отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болады.
10. Кеңес шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Кеңес мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
11. Кеңес отырыстарына Кеңес мүшесі болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
12. Кеңес төрағасы:
1) Кеңес қызметін басқарады және оның отырыстарына төрағалық етеді;
2) күн тәртібін айқындайды және Кеңес отырыстарының хаттамасына қол қояды.
13. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін төраға белгілеген орынбасар атқарады.
14. Кеңес хатшысы:
1) Кеңес Мүшелеріне отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды;
2) Кеңес отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
3) Кеңес отырыстарының хаттамасын рәсімдейді;
4) Кеңес төрағасына қабылданған шешімдерді орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы оның мүшелері дайындаған есепті ұсынады;
5) Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Кеңес хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
15. Кеңесінің жұмыс органы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының хатшылығы болып табылады.
Кеңестің жұмыс органы:
1) Кеңес қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2) Кеңес құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізеді;
3) Кеңес қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
16. Жергілікті мемлекеттік органдар Кеңес жүктелген міндеттерін орындауда оған жәрдемдеседі.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық топ құрамы
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы
Ғылыми-сараптамалық топ
құрамы
№
п/п |
Т.А.Ә. | Лауазымы, жұмыс орны | Байланыс ақпараты |
Қапышев
Ардақ Қайыржанұлы |
төраға, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, Халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты | 8-702-770-67-05;
8 707 317 0155 ardak.kapyshev@mail.ru |
|
2. | Байманова
Ляззат Сейтзиновна |
төраға орынбасары, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор | +7-701-250-65-91
72-16-30 кафедра ljasat@mail.ru |
3. | Қапбасова
Диана Серікбайқызы |
хатшы, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Отан тарихы және «Рухани жаңғыру» кафедрасының 3 курс докторанты, «Тарих» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі | 8702531 28 68 (ватсап),
8777525 34 55 |
4. | Шәріпов
Ақан Асқарбекұлы |
«Отан тарихы және «Рухани жаңғыру» және ҚХА» кафедрасының аға оқытушысы, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ гуманитарлық ғылымдар магистрі | 87014773943
87014773943@mail.ru |
5. | Буктугутова
Роза Сабырқызы |
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Рухани жаңғыру» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, доцент | 8 747 853 6879
rozalia.1954@mail.ru |
Елубаев
Риззат Берікұлы |
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің Халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі | 8 707 808 2886
rizz_e@mail.ru |
|
7. | Кукубаева
Асия Хайрушевна |
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің Әлеуметтік-педагогикалық пәндер кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының докторы | 8 701 372 3543
kukubaeva_2011@mail.ru |
8. | Рыспаева
Динара Сәрсенбайқызы
|
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты | 8 701 556 4651
goldensunrise@mail.ru |
9. | Өтегенов
Марат Зеннатұлы |
доцент, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ сырттай-қашықтықтан оқыту факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты | 8 701 478 4195
utegenov@inbox.ru |
10. | Есмағұлова
АйнагүлЕрболатқызы |
филология ғылымдарының кандидаты, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ филология және педагогика факультетінің деканы | 8-705-516-18-38ismainagul@mail.ru |
11. | Лепешев
Дмитрий Владимирович |
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, пед.ғ. д.к., профессор | +7-701-484-50-60
d_lepeshev@mail.ru |
12. | Сагандыкова
Жайлагуль Ораловна |
Ш. Уәлиханов атындағы КМУ ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасының доценті., ф.ғ.к. | 87075155445
zhailagul@gmail.com |
13. | Свинарчук
Анна Ивановна |
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің Халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі | 8-707-160-57-80
anna.svinarchuk.78@mail.ru
|
14. | Шуматова
Меруерт Маратқызы |
Ш. Уәлиханов атындағы КМУ аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі | 8-700-309-74-60 akisheva_mika@mail.ru |
15. | Қасымова
Сандуғаш Кенжебекқызы |
Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институты әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдік және психологиялық дайындық кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты | 8-701-518-77-23 merei_72@mail.ru
|
16. | Шуматов
Эльдар Галимжанович |
философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институты әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдік және психологиялық дайындық кафедрасының бастығы | 8-705-114-53-61
87475930353 Eldar83.83@mail.ru |
Максименко
Евгений Викторович
|
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Заңтану кафедрасының аға оқытушысы | 8-702-186-89-85
|
СЫРТҚЫ КЕҢЕСШІЛЕР:
- Жақыпова Айгүл Досжанқызы, «Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор
- Қозыбаева Махаббат Мәлікқызы, Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ғылыми хатшысы, тарих ғылымдары бойынша doktor Ph.
- Шотбакова Ляззат Қасымқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Отан тарихы және ҚХА кафедрасының доценті.
Этномәдени бірлестік туралы мәлімет
Атауы: «Ақмола облысының «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі
Тарихи анықтама: Қоғамдық бірлестік 2017 жылдың 25 қыркүйегінде құрылды.
Төрағасы: Шоназаров Умар Файзудинович. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі.
Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары: қайырымдылық іс-шарларды өткізу, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды насихаттау, тәжік мәдениетін сақтау, бірлік пен қоғамдық келісім және қазақстандық патриотизмді нығайту бойынша одан әрі мақсатты жұмыс жүргізу.
Ресурстық базасы: бірлестік Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жастар қанаты мен спорттық футбол командасын құруды жоспарлап отыр. Жұмысшы жастарды бұқаралық спортқа тарту және патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында «Ақмола жастары» жұмысшы жастардың кең ауқымды спорттық қозғалысын құрды, оған төрт спорт түрінен бағыттар енгізілді, ал футбол командасы дипломаттар арасындағы халықаралық турнирлердің екі дүркін чемпионы атанды.
Негізгі жобалары: орталық жұмысының қысқа мерзіміне қарамастан, төрағаның бастамасы бойынша ауылдық округтер командалары арасында облыстық футбол жарыстары өткізілді, 2017 жылғы 25 қарашада Достық үйінде Қазақстан Республикасының Президенті күніне орайластырылған қоғамдық бірлестіктің тұсаукесері өтті, оның бастамашысы және ұйымдастырушысы Умардың өзі болды.
Жетістіктері: халықтың полиция қызметкерлеріне деген сенім деңгейін арттыруға қосқан үлесі үшін Ақмола облысы полиция департаментінің «Қолдаушысы» медалімен марапатталған. Полиция департаментінің авиация генерал майоры Т. Бигелдинов атындағы медалі, «Халық алғысы» медалі. ІІД бастығының грамотасы, ҚР Ішкі істер министрінің алғыс хаты, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың алғыс хаты, ҚХА алғыс хаты, ҚХА төрағасының орынбасары Ж. Түймебаевтың алғыс хаты.
Байланыс ақпараты: 8-777-789-44-68, 8-708-714-28-33, эл.адрес: mahdi_maga13@mail.ru, Көкшетау қ., Е.Н.Әуелбеков к-сі, 139-үй, 220 пәтер
Этномәдени бірлестік туралы мәлімет
Атауы: «Ақмола облысының «Хатиква» еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі
Тарихи анықтама: Еврей мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі 2000 жылдың 28 қаңтарында құрылды.
Төрағасы: Погребицкий Владлен Владимирович. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары: іс-әрекеттің негізгі бағыты – еврей халқының көпғасырлық, күрделі және қайғылы тарихын, оның бай мәдениетін, мерекелері мен дәстүрлерін зерттеу.
Ресурстық базасы: «Қоғамдық келісім» КММ-де кабинет жұмыс істейді. 2000 жылы медициналық қызмет, «Хозяюшка» клубы, «Цимес» аспаздық клубы, «Шалом, мишпаха, иуди» отбасылық клубы ұйымдастырылды.
Негізгі жобалары: мерекелер мен атаулы күндерге арналған кітап көрмелері, «Атақты еврейлер» цикліндегі дәрістер. Жаңа төрағаның келуімен бірлестіктің жұмысы жандана түсті – орталықта еврей этносының халықтық мерекелері атап өтіледі.
Жетістіктері:
Байланыс ақпараты: 8 707 349 69 81, Vladlen-69@mail.ru, Көкшетау қ-сы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 41 үй, 21 пәтер