Этномәдени бірлестік туралы мәлімет
Атауы: Көкшетау қаласы «Ақмола облыстық әзірбайжан мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі
Тарихи анықтама: Қоғамдық бірлестік 2016 жылдың 9 наурызында құрылды.
Төрағасы: Мамедов Тариэл Гидаят Оглы.
Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары: Негізгі мақсаты-қоғамдағы тұрақтылықты нығайту,ұлтаралық қатынастарды дамыту, этностардың достығын нығайту және сақтау,Әзірбайжан мәдениетін,тарихын, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын дамыту, Әзірбайжан және мемлекеттік тілдерді үйрену, өскелең ұрпақты тәрбиелеу.
Ресурстық базасы: Ұлттық фестивальдерді, байқау-конкурстарды, көрмелерді, әзербайжандық және қазақстандық естелік мерекелерді өткізу, Қазақстан Республикасында және Әзірбайжан Республикасында басқа ұйымдармен іскерлік, шығармашылық және жеке байланыстарды орнату және дамыту. Біздің Ақмола облыстық «Әзірбайжан мәдени орталығының» шығармашылық би ұжымы 2004 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ақмола облысының «ТЖ» мемлекеттік мекемелері, №2 орта мектеп, №20 орта мектеп, «Көкшетау қаласының Зағип және нашар көретін азаматтарына арналған арнайы кітапхана», М. Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана өткізетін мерекелік іс-шараларға қатысады.
Негізгі жобалары: жоқ.
Жетістіктері: 2004 жылдан бастап Тариэл Мамедов және Орталық Ақмола облысы әкімдігінің, Көкшетау қаласы әкімдігінің, сондай-ақ облыстық және қалалық мәдениет басқармасының 50-ден астам алғыс хаттарымен, грамоталарымен және дипломдарымен марапатталды. 2004 жылдан 2016 жылға дейін-ҚР Тұнғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығы бойынша үш рет мемлекеттік наградалармен марапатталды, сондай-ақ 2007 жылы ҚР Тұнғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтан «Алғыс хат» алды.
Байланыс ақпараты: ұялы тел. 8-701-337-63-35, Көкшетау қ.