1 мамырда біз еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеміз. Бүгін біздің жерімізде тұратын 100-ден астам этнос өкілдері арасында бейбітшілік, келісім және достық күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Мереке аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік жарысы» марафоны өтті, оған Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдар мүшелері, спорт қоғамының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Аталған спорттық шара халықты біріктіруге, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.